Home » Business » USAID ОНЫНШЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ САУДА ФОРУМЫН ОНЛАЙН ӨТКІЗЕДІ

USAID ОНЫНШЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ САУДА ФОРУМЫН ОНЛАЙН ӨТКІЗЕДІ

16 қараша 2020 жыл – Бүгін АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) ұйымдастыруымен оныншы жыл сайынғы Орталық Азия сауда форумы басталды.  Бұл сауда форумы Орталық Азияда және одан тыс жерлерде өңірлік сауданы дамыту мақсатындағы халықаралық іс-шара. Бес күндік форумда Ауғанстан, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Латвия, Литва, Біріккен Араб Әмірлігі, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Украина және Өзбекстан елдерін қосқанда жалпы 39 елден 100 спикер мен 4000 қатысушы болады.

Биылғы форумның тақырыбы «Орталық Азия – даму және өркендеу». Бұл тақырып COVID-19-дан кейін экономиканың қалпына келтіру кезіндегі Орталық Азиядағы жаңа үрдістер мен нарықтың реакциясын зерттеуге арналған. Виртуалды іс-шараны Zoom, Facebook Live және YouTube онлайн платформаларында бақылауға болады. Сауда форумы халықаралық және аймақтық сарапшыларға, новаторлар мен кәсіпкерлерге Орталық Азиядағы сауданы дамыту үшін байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді.

Қатысушылар интерактивті онлайн-сессияларға қосылып, аймақтық жеткізілімдер тізбегін COVID-19 кезіндегі жағдайға бейімдеу, Орталық Азиядағы туризмді қалпына келтіру, аймақтағы электр энергиясының нарығын дамыту, аймақтық онлайн-сауда нарығының мәселелері мен мүмкіндіктері, мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктер мен аймақтық әйелдер кәсіпкерліктерін құру және т.б. бойынша пікірталастарға қатыса алады.

Сонымен қатар, форум барысында Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген 20-дан астам жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілер Сауда әлемі (World of Trade) виртуалды ритейл форумының шеңберінде бүкіл аймақтан және одан тыс өңірлерден келген серіктестермен онлайн-келіссөздер өткізеді.

«Осыдан он жыл бұрын сауда ынтымақтастығын кеңейту арқылы Орталық Азия елдері арасындағы тұрақтылықты, өркендеуді және өзара байланысты нығайтуға болады деген сенімділіктен осы сауда форумының идеясы туындаған еді. Сауда-саттық әрқашан екі тарапқа да пайдасын тигізеді. Біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында әр адам адал және ашық сауда ынтымақтастығынан пайда көре алады», – деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Х. Мозер.

Вашингтоннан форумға USAID-тың Азия бойынша бюросының басшысы көмекшісінің міндетін атқарушы Хавьер Пиедра қосылды. Ол өз сөзінде: «USAID осындай маңызды іс-шараны қолдайтынын мақтан тұтады және біз жаңа коммерциялық байланыстарды дамыту және Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту арқылы аймақтағы, оның ішінде Ауғанстандағы сауданы арттыруға дайынбыз», – деп атап өтті.

Соңғы онжылдықта Орталық Азия сауда форумы жаңа үрдістер туралы білу, идеялармен алмасу, байланыстарды дамыту және бизнес жүргізу мақсатында 30-дан астам елден келген мемлекеттік және жекеменшік секторларының 5000-нан астам өкілдерін біріктірді. Соңғы онжылдықта Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы екі еседен астам ұлғайып, жылына шамамен 6 миллиард АҚШ долларын құрады.

Форумның басты ұйымдастырушысы Америка Құрама Штаттары Халықаралық даму агенттігінің (USAID) бәсекеге қабілеттілік, сауда және жұмыс орындарын құру жөніндегі жобасы болып табылады. Форумды қолдаған басқа серіктестер – Шытырман оқиғалы туризмнің сауда қауымдастығы, Өзбекстандағы Америкалық сауда палатасы, CERT академиясы, Корольдік логистика және көлік институты (CILT), Еуропалық Қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Суық тізбегінің ғаламдық альянсы (GCCA), Indy Guide, «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлік қызметкерлерінің одағы, «Lonely Planet» баспасы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, БҰҰ Дүниежүзілік Туристік Ұйымы, Wideoyster журналы, «Логистика мен көлік саласындағы әйелдер» жобасы және World Travel Market көрмесі.

###

USAID – жетекші әлемдік даму агенттігі және даму нәтижелерін жеткізудің катализаторы болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін Орталық Азиядағы USAID вебсайтына кіріңіз: https://www.usaid.gov/central-asia-regional  Facebook парақшасы: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...