Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
СУДЬЯ ЕРДОС СЛАМБЕКОВ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » СУДЬЯ ЕРДОС СЛАМБЕКОВ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ

СУДЬЯ ЕРДОС СЛАМБЕКОВ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ

        Осы аптада Мақтаарал аудандық соттың ғимаратында – Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 24 наурыздағы №150 Жарлығымен Ердос Бауыржанұлы Сламбековтың Мақтаарал аудандық сотына судья болып тағайындалуына  орайластырылған жиын болып өтті.

        Аудандық соттың төрағасы, аудандық соттың қызметкерлері, аудан прокуроры, аудан әкімінің орынбасары, АПБ бастығы мен орынбасарлары, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, аудандық ауруханасының басшысы және БАҚ өкілдері қатысқан осы жиында Түркістан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшының міндетін атқарушы А.Апбас мырза – «Судья Сламбеков Ердос Бауыржанұлы 1992 жылы 11 наурызда ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек елді мекенінде дүниеге келіп, 2005-2008 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп интернатында оқыған. Ал, 2008-2011 жылдары Астана қаласындағы Ақмола қаржы экономикалық колледжінде «Қаржы және қаржы құқығы» мамандығын бітірсе, 2011-2014 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығын тәмамдаған. 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық сотының бас маман-сот отырысы хатшысы қызметін атқарған. 2021-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында «7M04201-Сот және сот төрелігі» білім беру бағдарламасының бағыты бойынша магистратура дәрежесін алған»-деп залға жиналғандарға ол туралы жан-жақты мәлімет берді.

         Жиынды жүргізіп отырған аудандық соттың төрағасы Қ.Мусаев өз кезегінде облыстан келген қонақтарға осы залға жиналғандарды қысқаша таныстырып, сөзді ауданның сыйлы ақсақалы Қ.Хаметовке  берді. Қасымбек ақсақал ауданда бұрындары қызмет етіп, өздерінің турашылдықтарымен есте қалған судьялар туралы естелігімен бөлісіп, жаңадан қызметке тұрған судья Е.Сламбековке солардың жолын ұстануға әрі дұрыс шешім шығара алмай ұятқа қалған әріптестерінің қателіктерін қайтамалауға шақырып, оның алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Қ.ДӘУЛЕТБАЕВ, Мырзакент кенті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...