Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ҚАРАҒАНДЫДА 1 СӘУІР – ҚАЗАҚ ӨНЕРІ КҮНІ КЕҢІНЕН АТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚАРАҒАНДЫДА 1 СӘУІР – ҚАЗАҚ ӨНЕРІ КҮНІ КЕҢІНЕН АТАЛДЫ

ҚАРАҒАНДЫДА 1 СӘУІР – ҚАЗАҚ ӨНЕРІ КҮНІ КЕҢІНЕН АТАЛДЫ

     
            2019 жылы Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының бастамасымен «Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінің» тұсауы кесілген болатын. Осы Қазақ күнтізбесіндегі 1 сәуір – Қазақ өнері күні болып белгіленген. Бұл күні 1925 жылы қазақтың дарынды дирижері Нұрғиса Тіленді туған.

          Жалпы алғанда, күнтізбені шығарудағы негізгі мақсат жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау. Қазақ өнері күніне орай жастарға ұлттық өнеріміздің дамуына үлкен үлес қосқан белгілі өнер тарландарының еңбегін насихаттау, осы арқылы олардың бойында ұлттық өнерге деген құрметті қалыптастыру көзделеді.
Биылғы жылы аймақта республикалық Qazaq club-тың бастамасымен және Қарағанды облысының білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінің тікелей қолдауымен қаладағы 80 – нен аса білім ордасында Қазақ өнері күніне орай тәрбие сағаттары, тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылып, жас жеткіншектер өз өнерлерін көрсетті.
           Атап айтқанда Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясында оқушылар сынып сағаттарында және үзіліс кезінде домбырада ойнаса, Мағжан Жұмабай атындағы гимназияның барлық сыныптарында «1 сәуір — Қазақ өнері күні» тақырыбында тәрбие сағаттары өтіп, «Қазақ өнері тарихы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, сазды кеш өтті. Оқушылар Нұрғиса атамыздың әніне жазылған әндерді нақышына келтіре орындап, жас күйшілер «Әлқиса», «Ата толғауы» күйлерін орындады.

         Сазды кеште сазгердің өмірі мен еңбек жолынан бейнебаяндар көрсетілді. Ал Ә.Ермек атындағы мектеп-лицейінде осы күнге арнап, 10 — шы сынып оқушылары арасында атадан балаға мирас болып, бүгінгі күнге дейін жеткен қазақ өнері, әншілік дәстүр, халық өнері мен музыкасын насихаттау мақсатында «Өнер — өмір өрнегі» атты танымдық-интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды. Сондай-ақ Абай атындағы мектеп-гимназиясында оқушылар «Нұрғиса ағамдай боламын!» атты сынып сағатында өз өнерлерін көрсетті. Биылғы жылы кең көлемде аталып өткен «Қазақ өнері күні алдағы уақытта да насихаттала беретін болады» — дейді ұйымдастырушылар.
Н.СҰРШАҰЛЫ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...