Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
МАҚТААРАЛДА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » МАҚТААРАЛДА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

МАҚТААРАЛДА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

        Мақтаарал ауданы, А.Қалыбеков ауылдық округінің диқандары ерте пісіп жетілетін қант қызылшасының алғашқы өнімін Ресейге экспорттады.
        Ауыл диқандары Голландиядан арнайы жеткізілген павло, вадан атты қызылшаның жоғары сұрыптарын қаңтар айында 25 гектар үй іргелік жерлерге еккен болатын.
        А.Қалыбеков ауылдық округі, Жаңажол елдімекенінің тұрғыны Бектемір Алиқұлов алғашқы болып өзінің үй іргесіндегі 15 соттық жерден бірінші үзімнің өзінде-ақ 1,5 тонна өнім алып үлгерді. Шаруаның гектарына шаққанда 300 центнерге дейін өнім алуға мүмкіндігі бар.  Қазіргі таңда келісін 180 теңгеден саудалауда.
        Б.Алиқұлов жоғарыда аталған сорттар дәл осы Жаңажол ауылының топырағында өсіп шыққанда ғана ерекше дәмге ие болатынын, сондықтан мұнда қызылшаға жоғары сұраныс бар екенін жеткізді.
        «Қызылша егілетін жер өте құнарлы болуы тиіс. Ол үшін селитра, аммофос, малдың қилары арқылы жер тыңайтылады. Агротехникалық шаралардың басым бөлігі қолдың күшімен істелетіндіктен, қызылша егу үшін қажырлы еңбек керек екені ескерілуі тиіс. Алайда, үлкен еңбектің соңы – үлкен табысқа алып келеді» — деді Б.Алиқұлов.
        Жалпы округ аумағында шаруалар Рессейге және еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларына өнімдерін жөнелтуде. Қант қызылшасын толық жинап алған соң, диқандар екінші өнімге мал азықтық дақылдарды егуді жоспарлап отыр.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...