Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Дәстүрлі "MediaCAMP Fest Орталық Азия медиафестивалі" өтті - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Дәстүрлі «MediaCAMP Fest Орталық Азия медиафестивалі» өтті

Дәстүрлі «MediaCAMP Fest Орталық Азия медиафестивалі» өтті

         Орталық Азияның барлық елінен келген 200-ден астам медиамаман 2022 жылғы 8-10 қазанда төртінші жыл сайынғы MediaCAMP Fest Орталық Азия медиафестиваліне жиналды. Олар нетуоркинг жасап, сәтті жобаларын таныстырып, аймақтағы медиа тап келіп отырған мәселелерді талқылады. Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасын АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландырып, Internews жүзеге асырып жатыр.
        Биыл MediaCAMP Fest офлайн өтті. Бұған дейін COVID-19 пандемиясына байланысты екі жыл қатарынан онлайн форматта өтті. Фестивальде медиа саласының түрлі тақырыптарын қамтитын snap-talk, дәрістер мен шеберлік сабақтары болды. Фильм көрсетілді. Қатысушылар дағдарыс пен ақпараттық соғыс кезіндегі медианың рөлін талқылап, қаржылай тұрақтылық, инновациялар мен зерттеу журналистикасы туралы жаңа білім алды.
         Орталық Азиядағы USAID аймақтық директорының орынбасары Луис Ривера медианың қоғам үшін маңыздылығына айрықша мән беріп, «Журналистер мен тәуелсіз медиа — деректер ұсыну, мифтерді жоққа шығару, медиасауат ілгерілету, сондай-ақ институттар ашықтығы мен есептілігінің кілті. Күнделікті жұмысыңызды және журналистік адалдықты қолдау мен аудиторияңызға мейлінше толымды әрі баланс сақталған ақпарат жеткізуге деген талпынысыңызды құрмет тұтамын» деп атап өтті.
         MediaCAMP Fest Орталық Азия медиафестивалі 10 қазанда MediaCAMP Award журналистика байқауының салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды. Байқау төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Биыл байқауға Орталық Азияның барлық елінен 821 өтініш келіп түсіп, соның ішінен 74 материал «Уақыт тынысы», «Жеңімпаздар уақыты»,
«Жасампаздар уақыты», «Жастар уақыты», «Жыл тақырыбы. Жаңа уақыт» деген бес санат бойынша қысқа тізімге ілінді. Алтыншы арнайы номинация – «Уақыт көрінісі» номинациясының жеңімпазы фестиваль сайтындағы онлайн дауыс беру арқылы анықталады.
         Салтанатты марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген АҚШ Бас консулы Кэролайн Сэвидж, «біз бұл жерге тек қана жеңімпаздардың жетістіктерін марапаттау үшін емес, бірақ олардың үлгі қылып көрсеткен құндылықтарды – адалдыққа берілгендік, батылдық, кәсіпқойлық және сыни ойлау – атап өтуге жиналдық», – деп білдіріп өтті.
         Іс-шараның егжей-тегжейлі бағдарламасы фестивальдің ресми сайтында жарияланды. Шеберлік сабақтарынан басқа сессияның барлығын фестиваль сайтынан, Facebook-парақшадан және YouTube-арнадан онлайн көруге болды. Шеберлік сабақтарының видеожазбасы іс-шара аяқталғаннан кейін сол платформаларда жарияланды.
###
           USAID даму нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал ететін жетекші халықаралық даму агенттігі және катализатор болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін Орталық Азиядағы USAID веб-сайтына  және Facebook парағына кіріңіз.  

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...