Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ – БАСТЫ МАҚТАНЫШЫМЫЗ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ – БАСТЫ МАҚТАНЫШЫМЫЗ

ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ – БАСТЫ МАҚТАНЫШЫМЫЗ

Түркісан облыстық «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігі – Мақтаарал ауданының Қарақыр елді мекенінде тұратын этнос өкілдерімен ұлтаралық бірлік пен татулық және этносаралық кикілжіңдердің алдын алу және түсіндіру жұмыстары бойынша кездесу ұйымдастырды.

Кездесу Қарақыр елді мекеніндегі А.Тұяқбаев атындағы жалпы орта мектебінде барлық эпидемологиялық талапқа сай сақтық шараларын қатаң сақтай отырып өткізілді.

Өз сөзінде «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Онласын Назаров халықтар достығы еліміздің баға жетпес байлығы екенін айта келе, бұл тұтастықта, бірлікте, бұл ынтымақтастықта қазақ халқының  алатын орны мен сіңірген еңбегіне айырықша тоқталып өтті. Әрбір қазақ жерін мекен етіп келе жатқан өзге ұлт өкілдері өздерінің дінін, ділін, салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтай отырып, қазақ халқымен тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Осы жайлы айта келіп, О.Назаров мырза өзге ұлт өкілдерін этносаралық бірлік пен татулықты нығайта отырып, ұлтаралық кикілжіңдерді болдырмауға және оның алдын алуға, ынтымаққа, бірлікке шақырды.

Жарыссөзге шыққан жергілікті өзге ұлттың өкілдері – Айзада Турадиева, Руфия Курбанова, Раелия Бабаева, Анна мен Феруза Майтесяндар өздерінің қазақ халқымен бір шаңырақ астында бірлікте өмір сүріп жатқандарын мақтана айтты. Олар қазақ еліне деген ризашылықтарын білдіре отырып, өзара ешқандай кикілжіңдердің туындамайтынын жеткізді. Сонымен қатар сөз арасында ауыл тұрғындары «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы О.Назаровқа көрші гүлденген Мырзатөбе ауылын өздеріне үлгі ете отырып, Қарақыр елді мекенінде солай өз қамқорлығына алуын өтінді. Олар Қарақырдағы жол, асфальт төсеу, аяқжол салу, көшелерді жарықтандыру мәселелерін шешіп беруге ықпал етуін сұрады. Өз кезегінде О.Назаров өзі жетекшілік ететін «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің негнізгі мақсаты да осы Түркістан облысының барлық ауылдарын дамытып көркейту мен гүлдендіру екенін айтып, жергілікті халықтың өтініштерін билік өкілдеріне жеткізетінін, көмектесуге дайын екенін білдірді.

Ақмарал  НАЗАРОВА,

облыстық «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің баспасөз хатшысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...