Home » Business » АУДАН БАСШЫСЫ СЕРІК ҮСЕНҰЛЫ ОРТАЛЫҚ БАЗАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН БАСШЫСЫ СЕРІК ҮСЕНҰЛЫ ОРТАЛЫҚ БАЗАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

         Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов 2022 жылдың тамызында өртке оранған орталық «Күлпаршын базары» ЖШС құрылыс жұмысымен танысты.
        Өкінішке ора, ауа-райының қолайсыздығының салдарынан құрылысы белгіленген мерзімінен кешіксе де 7 бригада, 50 адам тынымсыз құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Негізгі құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталып, бүгінде сауда ғимараттарының шатырын жабу, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
         Аудан басшысы базармен жапсарлас және базар аумағында орналасқан ғимараттардың заңдылығын анықтауды, сауда нүктелерінің жер телімін анықтап, қазық қағу жұмыстарын өрт және техника қауіпсіздігін қатаң сақтай отырып жүргізуді тапсырды.
         Айта кетейік, бүгінгі таңда 400 кәсіпкердің сауда қатарлары қалпына келтіріліп, жұмыс жасауда. Сондай-ақ, зардап шеккен кәсіпкерлерді басқа сауда орындарына уақытша орналастыру бойынша 50-ге жуық кәсіпкер «Қарақай» сауда базарына, 170 кәсіпкер «Күлпаршын» базарының өрт шалмаған орындарына жайғастырылған.
        Өрт кезінде зардап шеккен 838 кәсіпкердің тізімі «Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне» ұсынылып, нәтижесінде 65 екінші деңгейлі банктер және түрлі микроқаржы ұйымдарынан алынған жалпы 1 млрд. 933 млн. теңгенің қалған 1 млрд. 331 млн. теңгені құрайтын 1689 несиені төлеу мерзімі 6 ай мерзімге кейінге шегірілген.
       Бүгінгі таңға «Ырыс» микро кредиттік ұйымы арқылы 464 кәсіпкердің 1,7 млрд. теңгеге несие құжаттары қабылданды. Оның ішінде жылдық 1 пайыздан аспайтын кепілсіз 2 млн. теңгеге дейін несие алуға 210 кәсіпкер жалпы соммасы 420 млн. теңге, 254 кәсіпкер 5 млн. теңгеге дейінгі несиге өтініш білдіріп отыр.
      Жалпы бөлінген 700 млн. теңге несие қаржының бірінші транш арқылы 197 адамға 500 млн. тенге бөлінсе, екінші траншпен 200 адамға 1 млн. теңгеден қаржы қарастырылып, құжат тапсырушы азаматтардың бүгінгі таңға 177-нің құжаттары мақұлданып, қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде.
       Сонымен қатар, кәсіпкерлердің шығындарын ішінара өтеу мақсатында «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры құрылып, демеушілер есебінен жиналған 17 млн. 372 мың теңге зардап шеккен 838 кәсіпкерге басым бөлігінің талаптарын ескере отырып, 20,8 мың теңгеден теңдей бөлініп, төлеп берілген.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

БҮЙРЕК

        ...

АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ СӘТЖАН БАУЫРЫМА!

Бауырым, құтты болсын туған ...

Ұлттық ойындар күні кеңінен насихатталатын болады

        ...

ҚАЗАҚСТАН ӘЗІРБАЙЖАННЫҢ ФИЗУЛИ ҚАЛАСЫНДА БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫН САЛДЫ

        ...

ТАДЖИКИСТАНУ ОТПРАВЛЕНО ГУМАНИТАРНЫЙ ПОМОЩЬ В ВИДЕ 15 ТЫСЯЧИ ТОНН МАЗУТА

        ...

ТӘЖІКСТАНҒА 15 МЫҢ ТОННА МАЗУТ ТҮРІНДЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

        ...

ТАСТҮЛЕКТЕР – ТАМШЫ ЖЫРЫ

        ...

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

        ...

БЕКЕРГЕ КЕТКЕН САҒАТ, БОСҚА ӨТКІЗГЕН МИНУТ – ҰЛТ ІСІНЕ ЗОР ШЫҒЫН

        ...

ИСЛАМ ЖАУЫЗДЫҚТЫ ҚОЛДАМАЙДЫ

       Ақиқатында ...