Home » PRESS RELEASE » News » КОНСУЛЬТАТИВТІК-КЕҢЕСШІ ОРГАНЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КОНСУЛЬТАТИВТІК-КЕҢЕСШІ ОРГАНЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

         Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен аудан прокуроры Айдархан Жүнісбековтың қатысуымен бүгін аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ, қылмыстық жазасын өтеген азаматтарға әлеуметтік және өзге де көмектерді ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органының 2023 жылғы алғашқы отырысы өтті.
       Жиынның күн тәртібінде пробация қызметінің есебінде тұрған, пробациялық бақылау қойылған сотталғандарға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша 2022 жылы атқарылған жұмыстары және 2023 жылы атқарылатын әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің мәселелерін қарастыру туралы Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті Жетісай аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы пробация бөлімінің бастығы, әділет майоры Дильшат Назаров пен консультативтік-кеңесші органы басшысы, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбековтың баяндамалары тыңдалып, алдағы жоспарлары талқыланды. Ұсыныс-пікірлер айтылды.
       Жетісай ауданы әкімнің 2022 жылғы 27 қаңтардағы №73 қаулысымен ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған азаматтарға жұмыс орны белгіленіп, квота толығымен орындалған.
        Аудан әкімінің квотасынан бөлек 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында пробация есебінде тұрған азаматтар бағдарлама аясында жұмыспен қамтылса, өз кәсібін ашу үшін мемлекеттік гранқа өтініш білдіріп, комиссия қарауына ұсынылғандарының да саны артқан.
        «Бұл жұмыстар ауданымызда еңбек өнімділігінің артуына, кедейлік деңгейін едәуір төмендетуге, пробация есебіндегі түзету мекемесінен босаған адамдарды қоғамдық ортаға бейімдеуге үлкен мүмкіндік береді. Біз жұмысымызды одан әрі жандандырып, шалыс басқан азаматтардың қайта қылмыс жасамаулары үшін бар мүмкіндіктерді қарастыруымыз керек.» деген Әділхан Досыбайұлы жауапты сала мамандарына жұмысты әлі де болса жандандыруды тапсырды.
        Айта кетейік, өткен жылы аудан әкімінің квотасымен жұмысқа орналасқан 12 азаматтан бөлек пробация қызметі есебінде тұрған 31 азамат бағдарлама шеңберінде жұмыспен қамтылып, консультативтік-кеңесші органның 4 отырысы және 3 бос жұмыс орындарының жәрменкесі өткізілген.
         Биылғы жылға бөлінген 27 квота «Жетісай» және «Асықата» ауруханаларына, «Жетісай қызмет» МКК мен «Жетісай су» МКК мекемелеріне жолданатын болады.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК

        ...

12 СӘУІР – ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

       Құрметті ...

ИНСУЛЬТ: АЛДЫН АЛУ МЕН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

        ...

ТІС ПАСТАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ ТІСТЕРДІ ҚАНДАЙ УАҚЫТТА ЖУУ КЕРЕК?

        ...

12 СӘУІР-ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ!

        ...

ҚҰНАНБАЙ ӨСКЕНБАЙҰЛЫНЫҢ 220 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ

        ...

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА  5000 ТҮП ГҮЛ ЕГІЛІП ЖАТЫР

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық ...

Көмекке 3 миллион АҚШ долларын бөлетін болды

        ...