Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
АУДАНЫМЫЗҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » АУДАНЫМЫЗҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АУДАНЫМЫЗҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

       Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында Жетісай ауданында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
       Өткен жылы жеке қаражат есебінен Ж.Ералиев ауыл округінде құны 300 млн. теңгені құрайтын қуаттылығы 10 мың тонналық «Тұран Мақта» ЖШС мақта шикізатын өңдеу зауыты жобасы басталып, 2023 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланса, Жетісай қаласында қуаттылығы жылына 500 мың жұп аяқ киімді құрайтын «Ұлықбек» кәсіпорыны іске қосылған болатын. Бұлардан бөлек, Асықата кентінде құны 300 млн теңгені құрайтын «Асықата гроуп» ЖШС өсімдік майын өндіру зауытын модернизациялау жұмыстары жүргізілген. Аталмыш жобалар нәтижесінде ауданға 700 млн теңге инвестиция тартылып, жаңадан 90 жұмыс орны ашылған.
       Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2023 – 2024 жылдары құны 2,83 млрд теңгеге «Adal Agro Group» ЖШС сиыр етін өңдеу және құны 7,6 млрд теңге болатын крахмал және лимон қышқылын өндіру зауыты инвестициялық жобаларын жүзеге асыру жоспарланған.
       Сондай-ақ, Өзбекстандағы кең тараған тоқыма кәсіпорындарының тәжірибесімен танысып, мақта кластерін Жетісай ауданында да дамыту мақсатында Жетісай ауданы әкімдігі мен өзбекстандық «AgroTeksAlliance» компаниясымен құны 40 млн. евроны құрайтын қуаттылыға 7000 тонна дайын өнім шығрауға жоспарланған тоқыма фабрикасының құрылысын жүргізу келісілді. Аталмыш жобаны іске асырылған жағдайда кәсіпорынның жылдық экспорттық әлеуеті 15 – 20 млн. АҚШ долларын құрайтын болады.
      Қазақстан-Өзбекстан бірлескен кәсіпорны есебінен «AgroTeksAlliance» тоқыма текстиль фабрикасының құрылысына 2024 – 2025 жылдары 20 млрд. теңге инвестиция жұмсалып, жаңадан 500 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
      Жалпы 2023 – 2025 жылдарға жоспарланған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ауданда, оның ішінде Қазыбек би ауылдық округінен 12,25 га, Атамекен ауылдық округінен 14,9 га., Жетісай қаласынан 15 га., жалпы 42,15 га. жер резервке алынған. Одан бөлек, отандық және шетелдік инвесторларды тартып, оларға қолайлы жағдай жасап, жалпы инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында ауданда индустриалдлы аймақ құру үшін Асықата кенті маңындағы  резервке алынған 50 га. жер ауыл шаруашылық жердің мақсатынан, өндірістік санатына аустыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аталмыш аймақта іске асыруға дайын және тиімді әлеуетті жобалар тізімі әзірленген.
       Ауданымызда жоғарыда айтылған жайлардан бөлек, ауданға келуші кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларын іске асыруға, жоғарыда көрсетілген жерлер мен аудан көлемінде бос тұрған өндірістік ғимараттар қосымша ұсынылатын болады.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы. 

 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...