Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚАРАҒАНДЫДА АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІНІҢ ЕСІМІН ҰЛЫҚТАЙТЫН СӘУЛЕТТІК ЖОБАНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚАРАҒАНДЫДА АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІНІҢ ЕСІМІН ҰЛЫҚТАЙТЫН СӘУЛЕТТІК ЖОБАНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

ҚАРАҒАНДЫДА АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІНІҢ ЕСІМІН ҰЛЫҚТАЙТЫН СӘУЛЕТТІК ЖОБАНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

        Қарағанды қаласының әкімдігі ғимаратында ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесіндегі «9 қыркүйек – Алаш ұраны күніне» орай, Алаш қозғалысының көрнекті өкілдерінің бірі Әлімхан Ермектің есімін ұлықтауға бағытталған сәулет жобасының таныстырылымы өтті.
        Қолға алынған бұл жұмыстар аясында Алаш ардақтысы мәңгілік мекенін тапқан зираттың басы абаттандырылып, айналасы жөнге келтіріледі. Сонымен қатар гүлзар, жүргіншілер жолы салынып, жарықтандыру жүргізіліп, жолға тас пен асфальт төселіп, орындықтар қойылады. Тиісті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында бақылау камераларын орнату көзделуде.
       Жоспар бойынша аллеяның ұзындығы 350 метр, ал ені 10 метр болмақшы. Шараның ұйымдастырылуына ұйытқы болған қалалық мәслихаттың төрағасы Құдайберген Бексұлтанов қазірдің өзінде бұл жұмыстардың басталып кеткенін сөз етті.
         Сондай-ақ, Әлімхан Ермек зиратының басы мәрмәр таспен қапталып, қазақы нақышта шаңырақ орнатылады. Бұл ретте сәулетшілер зираттың бастапқы салынған үлгісін толықтай сақтап қалуды мақсат тұтып отыр.
         Шараға жиналған қауым бұл игі бастаманы жылы қабылдап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Ал Алаш ардақтысы Әлімхан Ермек еңбек еткен Қарағанды политехникалық университетінің ерікті студент жастары бұл жұмыстарға қатысуға әзір екендіктерін білдірді.
         Қолға алынған бұл игі іс барша қазақ халқы үшін қуанышты жаңалық болары сөзсіз. Өз тарапымыздан ұлт мүддесін түгендеген жобаны қолға алған азаматтарға сәттілік тілейміз!
Н.СҰРШАҰЛЫ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...