Home » Қоғам » Білім саласы » ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

          Соңғы жылдары мектептегі оқу үрдісінде негізгі оқу пәндерін бір-бірімен ұштастыра жүргізу, жекелеген пәндерден оқушыларға қажетті білімді біртұтас, табиғи-ғылыми бірлікте беру жағына көңіл аударыла бастады.
      Оның себебі әрбір пәннен бағдарлама бөлек, өз алдына жасалады да, пәндер бір-бірімен ұштастырылмай, жеке-жеке жүргізіледі. Ал оларды қабылдайтын оқушы өздігінен әрбір пәннің арасындағы байланысты, оларға ортақ заңдылық пен ұқсастықты жинақтай алмайды, тұтас ұғым, пікір, ой қорытындысын да шығара алмайды. Сондықтан, мектепте оқу пәндері арасындағы байланыстарды саралап анықтау, оларды бір-біріне ұштастыра жүргізе білуге үйрену мәселесі яғни пәнаралық байланыс проблемасы туындап отыр. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат: саналы, білімді, тәрбиелі ұрпақ өсіру.
      Болашақ ұрпақ – келешек қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық адамзат етіп тәрбиелеу біздің де қоғамның алдындағы борышымыз. Сондықтан орта мектептерде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімділігі жолға қойылуда.
      Пәнаралық байланыстың классикалық педагогикадағы қалыптасқан идеясының өзіндік тарихы бар.
      XVI – ғасырдан бастап батыстың ұлы педагогтері: Коменский, Лок, Гебарт, Руссо, Песталоцци өздері өмір сүрген замандардан бері педагогика ғылымының күрделі мәселесі ретінде пәнаралық байланысқа баса назар аударған.
      Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді оқыту әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр.
      Пәнаралық байланысты жүзеге асыруда кең тараған жолдары мыналар:
  1. Әңгімелесу
  2. Саяхат
  3. Тәжірибе алмасу
  4. Техникалық құралдарды пайдалану
  5. Танымдық көзқарас қалыптастыру
  6. Практикалық жұмыстар жүргізу
       Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері материалдарының бірін-бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеп соғады. Оқушылар әрбір пәннің өзіндік заңдылықтарын меңгермейінше, сол пәннен тиянақты да терең білім ала алмайды.
      «Қазақстан тарихы» қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерімен тығыз байланысты. Мысалы; қазақ тілі пәнімен байланыстырып оқыту оқушының тілді ұлттық құндылық ретінде тануға мүмкіндік береді, қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі оның тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, оқушылар тарихи деректерді пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай біледі.
      Пәнаралық байланыс идеясын ғылыми және тәжірибелік жағынан неғұрлым тереңірек негіздеп көрсеткендер: Ушинский, Крупская және т.б.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынадай:
  1. Әрбір жеке пәнді оқытқанда басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу.
  2. Түрлі пәндерді оқып үйренуде – өтілетін материалдарды уақыт жағынан үйлестіріп отыру.
  3. Оқушылардың ғылыми-теориялар мен заңдылықтарды игеруін, олардың жинақтылығымен, әдістерімен, дағдыларымен сабақтастыра қалыптастыру.
  4. Оқушылардың бір пәннен білім алуға икемі мен дағдыларын пайдалана білуге әдеттендіру.
  5. Әртүрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақ ерекшеліктерін көрсете білу.
  6. Әр пән сабақтарында оқылатын құбылыстардың өзара байланысын ашып, дұрыс дүниетаным қалыптастыру.
Бекбол ЖӘЙІРБЕКҰЛЫ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...