Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
БҰЛ ҚЫЗМЕТТЕРДІ EGOV QR АРҚЫЛЫ ДА АЛУҒА БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » БҰЛ ҚЫЗМЕТТЕРДІ EGOV QR АРҚЫЛЫ ДА АЛУҒА БОЛАДЫ

БҰЛ ҚЫЗМЕТТЕРДІ EGOV QR АРҚЫЛЫ ДА АЛУҒА БОЛАДЫ

      EGov Mobile мобильді қосымшасындағы eGov QR-ді жеке тұлғалар Е-лицензиялау порталында жұмыс істеген кезде пайдалана алады. Сондай-ақ otbasybank.kz порталында жалға алуды субсидиялауға өтінім беру кезінде деректерді жинауға және өңдеуге және enpf-otbasy.kz платформасында сыртқы аударым операциялары кезінде құжаттарға қол қойған кезде  eGov QR-ды пайдалануға болады.
      eGov QR –құжаттарға қол қою процесін жеңілдететін балама әдіс. Оны пайдалану қажетті құжатқа жылдам қол жеткізуге және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимінде қол қоюға көмектеседі.  Бұл жағдайда QR код сканерленетін компьютерде NCALayer орнатудың қажеті болмайды. Е-лицензиялау пайдаланушылары үшін NCALayer көмегімен қолданыстағы ЭЦҚ арқылы да қол қою тетіктері қолжетімді.
       «Мемлекеттік органдардың, Отбасы Банктің белсенді қатысуымен және қолдауымен «ҰАТ»  АҚ командасы eGov Mobile мобильді қосымшасының пайдаланушыларына QR арқылы қол қою функциясының мүмкіндіктерін кеңейтті. Elicense.kz порталында жеке тұлғаларға QR кодты пайдалану арқылы қызметтерге қол қоюға және порталда авторизациядан өтуге, сонымен қатар Отбасы банктің қызметтерін алуға мүмкіндік туды. Балама әдіс кіру мен қол қоюға ыңғайлы, себебі ол ЭЦҚ кілттерін енгізуді талап етпейді және азаматтардың уақытын үнемдейді»,-  деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
      Отбасы банктің клиенттері eGov Mobile қосымшасында eGov QR көмегімен келесі қызметтерге қол қоя алады:
  • kz порталында жалға алуды субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінім беру кезінде деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру;
  • Enpf-otbasy.kz платформасында сыртқы аударым операциялары кезінде құжаттарға қол қою.
     «Отбасы Банкі 2,5 млн қазақстандыққа қызмет көрсетеді. Олардың әрқайсысына біз сапалы қызмет көрсетуге тырысамыз. Онлайн құралдарға басымдық береміз. Енді қашықтықтан несиелік өтінім беруге, қарыз алуға, кепіл шартын тіркей алуға, ауыртпалықты алып тастауға, жалға беруді субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтініш беруге болады және жалдау шартына қол қоюға мүмкіндік бар. Қазір «ҰАТ» АҚ-мен бірлесе біз QR-кодтың көмегімен құжаттарға қол қою бойынша жұмыс істей бастадық. Болашақта біздің клиенттер оны қолдана отырып, 40-тан астам құжатқа қол қоя алады»,деп атап өтті Отбасы банк Басқарма Төрағасының орынбасары Эльмира Распекова.
Толық бейне нұсқаулыққа сілтеме: https://youtu.be/Pc5jlM2zPQ8
Жаңа мүмкіндіктерді пайдалану үшін eGov mobile пайдаланушылары:
— қосымшада авторизациядан өту керек (егер бұрын авторизациядан өткен болса, Face ID, Touch ID немесе қысқа кодты пайдаланып қосымшаға кіру керек);
— elicense.kz порталында қол қою түрін таңдау керек – «QR код»;
— eGov mobile басты бетінде «eGov QR» батырмасын баcу қажет;
— eGov QR сканерлеу және қол қою;
Сұрауды сәтті өңдеген кезде ұялы телефон экранында «Қол қою сәтті аяқталды!» пайда болады.
Жаңа функция іске қосылған сәттен бастап 4,7 мың қолданушы elicense.kz порталына кіру үшін eGov QR-ды пайдаланған.
Сондай-ақ e-lisence.kz порталында жеке тұлғаларға бір реттік СМС-кодты қолдану арқылы авторизациядан өтуге болады. Заңды тұлғалар үшін кіру логин/ құпия сөз, сондай-ақ ЭЦҚ кілттерді арқылы орындалады.
Қазақстандықтармобильді қосымшасындағы eGov QR-ды келесі ұйымдардың ресми сайттарында қызметтерді алу үшін пайдалануға болады:
EGov Mobile электрондық үкіметінің мобильді қосымшасы iOS жүйесінің пайдаланушыларына App Store платформаларында, сондай-ақ Android жүйесінің пайдаланушылары үшін Play Market және App Gallery-де қолжетімді.
Бүгінгі таңда eGov Mobile-да 676 мемлекеттік қызмет бар, оның ішінде 202-сі eGov.kz порталының қызметтері пен сервистері, 474-іжеке тұлғаларға арналған e-license порталының қызметі. Ай сайын мобильді қосымшаны 2,4 млн. қазақстандық белсенді пайдаланады және айына 50 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
«ҰАТ» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz
        Анықтама: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік желілерге белсенді сілтемелер:
https://www.facebook.com/nitec.kz?mibextid=LQQJ4d
https://instagram.com/nitec_kz?igshid=YTY2NzY3YTc=
Қосымша ақпарат алу үшін:
Динара МАЖИТОВА
press@nitec.kz; +7 (7172) 701665 ішкі. 6104

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...