Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АУЫЛДА МАҚТАНАРЛЫҚ ЖАЙЛАР КӨП - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АУЫЛДА МАҚТАНАРЛЫҚ ЖАЙЛАР КӨП

АУЫЛДА МАҚТАНАРЛЫҚ ЖАЙЛАР КӨП

        Ауданымыздың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері – Бірлік ауылдық округінде пресс-турда болып қайтты. Осы округ әкімі Серік Кенжеев журналистерді ауылда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті.
      – Бүгінде 10 мыңға жуық тұрғыны бар округте 2 дәрігерлік амбулатория, 4 ФАП, 5 мектеп, 1 Мәдениет үйі, 2 кітапхана, 2 байланыс бөлімшесі, 6 су қауымдастығы, 13 сауда нүктесі, 5 мешіт жұмыс істейді. Сонымен қатар, Алғабас, Қоңырат, Өркениет, Табысты, Еркінабад  және Қ.Пернебаев ауылдары толығымен жарықтандырылды. Бұларға қосымша орталық көшелердегі бағаналар мен бардерлерді әктеп, сырлау жұмыстары атқарылыпты. Округ аумағында 52 көше болса, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қ.Пернебаев ауылындағы Жаненов көшесіне 3100 метр, Бердан көшесіне 900 метр, Телбаев көшесіне 700 метр, Асанұлы көшесіне 500 метр, Әлиев көшесіне 970 метр, Тұрғынбаев көшесіне 1400 метр асфальт төселінді. Өркениет ауылындағы Ахан көшесіне 1500 метр асфальт жабындысы төселіп,   Әлсейіт көшесінің 200 метрі ағымдағы жөндеуден өтті.
         Сондай-ақ, ауылдық округ құрамындағы «Қоңырат» елдімекені 2023 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы бойынша «Ең үздік ауыл» номинациясын жеңіп алды. 2 мыңдай тұрғыны бар бұл елдімекенде ауыл мектебінің 20 және 10 жылдық түлектері бірлесіп, бас көшеге 30 дана шырша отырғызды. Сол шыршаларды малдан қорғау үшін, сыртынан темір қоршау орнатылып, оларды суландару үшін пластмасса трубалардан суландыру жүйесі жүргізілді-деді ауыл әкімі Серік Мырзақұлұлы.
        Өз кезегінде ауылдық округ әкімдігінінің бас маман – жер инспекторы Қанатәлі Бәйменов журналистерді агросала жетістіктеріне қатысты ақпараттар берді.
        –  Округте 4597,7 гектар егістік алқап  болса,  диқандарымыз  2023 жылы  8843 тонна мақта, 1324 тонна күріш, 38054 тонна қауын, 1215 тонна қарбыз, 537 тонна көкөніс, 288 тонна жүгері, 1368 тонна жоңышқа жинаған екен. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда біршама жақсы көрсеткіш саналады.  Ал қазіргі таңда ауыл тұрғындары 1070 жылқы, 4260 сиыр, 5610 қой-ешкі, 68886 құс ұстайды. Диқандар қиды тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Жайылым тарлығына қарамастан ауылда бие байлап, қымыз өндіріп отырғандар да бар. Ауылымыздағы жылыжайда негізінен бәдірен дақылы өсіріліп, олар Мырзакент, Атакент, Жетісайдағы базарларға жөнелтілуде. Сонымен қатар, қазір округімізде ерте пісетін  және «подпленка» және «грунтовка» қауындар, мақта, күріш, жоңышқа пен т.б. дақылдардан жақсы өнім аламыз деген ойдамыз. Округтегі күріш ақтау цехының арқасында диқандарымыз өз дақылдарын алысқа апарып шығындалмайды. Бұның өзі де олар үшін үлкен көмек-деді ауылдық округтің бас маман-жер инспекторы Қ.Бәйменов.
         2003 жылдан бері «Бақдәулет» шаруақожалығына жетекшілік ететін Сейілхан Бейсеков, ауданымыздың алдыңғы қатарлы фермері саналады. Ол 2023 жылы «Алтын күз» марапатында аудан әкімі Бақыт Асановтың қолынан арнайы марапат алған болатын.  Шаруа қожалығына тиесілі жердің 12 гектарына «грунтовка» қауынның «Валет» сортын, мақта және күріш дақылдарын егумен қатар, мал бордақылаумен де шұғылдаады екен. «Жұмыс істеймін деген адамға мүмкіндік көп» деп санайтын ол тынымсыз еңбектңің арқасында мол табысқа жетуге болатынын айтуда. Әзірге 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған ол, маусым кезінде жалдамалы жұмысшылар саны бірнеше ондаған адамға дейін жететінін, себебі, сол кезде әрбір күннің рөл ойнайтынын айтты. Осы жылдар ішінде ол өз дақылдарын өткізетін сенімді нарық тауыпты, соның арқасында ол дайын дақылдарын «қайда өткіземін?» деп алаңдамайтынын айтты.
        Журналистер сондай-ақ, «Алғабас» елді мекеніндегі күрделі жөндеуден өтіп жатқан  Мәдениет үйінің жағдайымен де танысты. Ағымдағы жылдың қазан айына дейін күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отырған нысанның мердегері – «AIIians&.Arena” ЖШС екен. Осы ауылдық Мәдениет үйінің жетекшісі Әлішер Бәйменовтың айтуынша – Мақтаарал ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің тапсырысымен жұмыс істеп жатқан ЖШС-ның жұмысшыларының дені  жергілікті тұрғындар екен.  «Осындай күрделі жұмыстар үшін алдымен аудан әкімдігінің басшы құрамы мен «Amanat» партиясының жергілікті филиалынан сайланған депутаттарға алғысым шексіз»-дей отырып, Ә.Бәйменов журналистерге жөндеу жұмыстарының қай деңгейде жүріп жатқанын және де алдағы уақытта мәдениет үйінде қандай жұмыстар атқарылатынын айтып өтті.
            Сонымен қатар, ауыл әкімі С.Кенжеев осы ауыл тұрғындарының да ұйымшыл және ынтымақтаса еңбек ететіндерін айта келіп, жақында  «Алғабастық» белсенді азаматтар өзара ұйымдасып, көше бойларына 15 орындықтар орнатқанын айтты.
        Айта кетерлігі бүгінгі таңда ауылдық округте тұрмыстық қоқыстарды тазарту мәселесі де жақсы жолға қойылыпты. «АгроНурЕламан» ӨК және «Азиз» ЖШС тұрғындармен келісімшарт негізінде үйден шыққан қоқыстарды арнайы полигонға апарып төгеді екен. Соның арқасында округтегі тазалық мәселесі де оң шешілген екен.
Сұңғат ҚУАНЫШБЕК.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КЕНЕ ШАҚҚАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕР

        ...

ӨТ АУРУЫ

        ...

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР

      Жүктілік ...

ДЕНСАУЛЫҚ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫНЫҢ БІРІ – ДЕНЕ БЕЛСЕНДІГІ

        ...

ҚОСЫМША ТАМАҚТАНУ: БАЛАҒА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

        ...

ТІС САУЛЫҒЫ – ТӘН САУЛЫҒЫ

      Тіс ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

        ...

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

        ...

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...