Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
КӨКПАР ОЙЫНЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » КӨКПАР ОЙЫНЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

КӨКПАР ОЙЫНЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

           Қалың нөпірді қақ жарып барып, дода ортасынан серкені суырып шыққан көкпаршысын көргенде жүрегі жарылардай қуанбайтын қазақ бар ма? Көкпарды жігіттің жігіті ғана тартады. Ұландарын қаршадайынан төзімділікке, ептілікке, батылдыққа, батырлыққа баулитын өнер түрі де осы көкпар ойыны.
          Бүгінде ұлттық ат спортын дамыту, елді мекендерде бұқаралық спортты қолға ала отырып, жастардың ұлттық ойынымызға деген қызығушылықтарын арттыру, көкпар ойынының бекітілген ережелері мен дүбірлі ат додасын өткізуде қоғамдық тәртіпті қатаң сақтау, адам өміріне төнетін қауіптердің алдын алу істерінде елеулі үлес қосып жүрген жетісайлық атбегілер мен тақымы мықты шабандоздар бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен Түркістан облыстық «Ұлттық ат спорты – Көкпар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Ғани Ахметбаевтың, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиевтың алғыс хаттарына ие болып, құрметке бөленді.
         Салтанатты марапаттау шарасына Жетісай Ауданы әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев пен облыстық «Ұлттық ат спорты – Көкпар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Ғани Ахметбаев, Жетісай аудандық көкпар федерациясының президенті Сабыр Айбеков пен аға буын шабандоздар, атбегілер мен жасөспірім көкпаршылар қатысты.
         «Төрткүл дүниені түгел мойындатқан қазаққа ғана тән, бағзы заманнан, батыр бабалардан мирас болған асыл өнерді бүгінгі ұрпаққа танытуда, насихаттауда, үйретуде Сіздердің өлшеусіз еңбектеріңізге шынайы алғысымды білдіремін!
          Басы  қайырусыз, аяғы жиюсыз жатқан қазақ елінің қанын қыздырып, жүрегіне от беріп, делебесін қоздыратын көкпар ойыны өздеріңіздей азаматтар барда заманына сай жаңғырып, жасарып қазақпен бірге жасай береді» деген Ғани Ахметбаев көпшілікті «4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесімен құттықтады.
          Айта кетейік, ауданда Ерлан Райымбердиев басшылық жасайтын «Ұлттық спорт» КММ мен аудандық көкпар федерациясының ұйымдастыруымен 2023 – 2024 жылғы кокпар маусымында өткізілген 34 көкпардың 15-і қума көкпар болса, 10-ы байырғы көкпар, 7-і тай көкпар және 2-і командалық көкпар.
           Көкпар додаларында өзгелерден ептілігімен, астындағы арғымағының жылдамдығымен көзге түскен жас шабандоздарға жол көрсетіп, баптауды қолға алу, сол арқылы ауыл жастарын ұлттық құрама сапында өнер көрсетуге баулу керектігін айтқан ардагер шабандоздар көкпаршылардың бабы мен бағының қатар шабуын, тұлпарларының тұяғы сүрінбей адал салымға қол жеткізе берулерін, елдің берекесі мен ынтымағының берік болуын тілесіп, бата жасап тарқасты.
             Айта кетейік, салтанатты шара барысында аудандық «Жетісай» мәдениет үйінің қызметкерлері әуезді ән шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...