Home » PRESS RELEASE » News » АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ПІКІРІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ПІКІРІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

       Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады» деген қағидаты негізінде елді мекендердегі тұрғындармен, белсенділермен кездесуді қолға алған Жетісай ауданының әкімі белгіленген кестеге сай Абай ауылдық округінде болды.
        Кездесуге аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров пен Жетісай аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Марат Қадырқұлов, барлық бөлім басшылары қатысты.
        Кездесу барысында тұрғындармен өткен жылғы кездесуде айтылған Абай ауылдық округі аумағындағы жаңадан түскен көшелерге электр желілері мен КТП орнату мәселесі бойынша Жүзімдік, Алтын кемер, Халықтар достығы, Отан елді мекендеріндегі көшелерге электр желілерін жүргізуге және трансформатор (КТП) орнату үшін жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 2022 жылға 500 мың теңге қаржы қаралып, толық игерілгендігін, 2023 жылға 8 млн. 900 мың теңге қаржы қаралғанын, «SK Best Spec Stroy KZ» ЖШС тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын айтқан аудан әкімі 2023 жылға өтпелі жобаға сараптама қорытындысы алынғаннан соң, құрылысына бюджеттен қаржы бөлдіруге ұсынылатынын жеткізді.
        Сондай-ақ, округ аумағында халық саны өсуіне байланысты және тұрғын үй салуға жер телімін алуға кезекке тұрушылар санынының көбеюіне байланысты Жүзімдік елді мекенінің шегін ұлғайтуға арналған жерден 7,54 га жер телімін тиісті сот тәртібімен алуға аудан әкімінің қаулысы шыққан.
        Ал, Алтын кемер елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары «Жамбылагрогазпроект» ЖШС тарапынан әзірленіп, жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізуге 2023 жылға аудандық бюджеттен 2,3 млн. теңге қаржы бөлінген. Алдағы уақытта, жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізуге ұсынылатын болады. Жобаға мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынған соң, құрылысына қаржы бөлдіруге ұсынылмақ.
       Халықтар достығы елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша өткен жылы оң қорытынды алынып, жобаны жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен қаржы бөлдіруге облыстық салалық басқармаға ұсынылған.
        Одан бөлек, округтегі декаративті ағаштарды коммуналдық меншікке алу мақсатында жер телімдері анықталып, сызбалары дайындалған. Жер таңдау қорытындылары алынған. Қазіргі таңда жер учаскесіне құқық беретін мемлекеттік акт алу үшін жер кадастрлық жоспары әзірленуде. Мемлекеттік акт алынғаннан кейін меншікке алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
         Сонымен қатар, алдыңғы жүздесуде айтылған Жүзімдік елді мекеніндегі ауыз су мұнарасын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін алдағы уақытта сметалық құжаттамалары әзірленіп, қажетті қаржы көлемі анықталғаннан соң, аудандық бюджеттен жөндеу жұмыстарына қаржы бөлдіруге ұсынылатын болады.
        «Елді мекендердің тұрғындарымен, белсенділерімен өткізіліп жатқан кездесулерде, жеке қабылдауларда түрлі салаларда өзекті деген мәселелер көтеріліп жатыр. Әр тұрғынның қозғаған мәселесін мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беруге, мәселелерді оңтайлы шешуге әрекет жасап жатырмыз. Негізінде тұрғындарды мазалайтын сұрақтар – инфрақұрылымдар мен ауыл шаруашылығы төңірегінде» дейді аудан әкімі Серік Үсенұлы.
        Аудан басшысы өз сөзінде өзге де салаларға жеке тоқталып, білім, кәсіпкерлік, мәдениет пен спорт, халықты жұмыспен қамту, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары, тұрғын үй және электр энергиясы сынды маңызды салаларға қатысты мәліметтер айтты. Сондай-ақ, елді мекендер мен қала, кент, округ аумақтарындағы тазалық мәселесіне де баса мән берілді. Көпшілік тарапынан көтерілген бірқатар мәселелер есептік жиынның хаттамасына енгізіліп, әкімнің тікелей назарына ұсынылды.
        Кездесу соңында аудан басшысы тұрғындарға жеке қабылдау өткізіп, мәселелерін тыңдады. Тиісті салаларға тапсырмалар берді.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК

        ...

12 СӘУІР – ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

       Құрметті ...

ИНСУЛЬТ: АЛДЫН АЛУ МЕН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

        ...

ТІС ПАСТАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ ТІСТЕРДІ ҚАНДАЙ УАҚЫТТА ЖУУ КЕРЕК?

        ...

12 СӘУІР-ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ!

        ...