Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
АУДАН ӘКІМІ СЕКТОРЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » АУДАН ӘКІМІ СЕКТОРЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ СЕКТОРЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

         Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек бүгін «Күлпаршын» базарында орын алған өрттен материалдық шығынға ұшыраған кәсіпкерлерлерге арналған секторларды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Келушілермен тілдесіп, мәселелеріне қанықты.
         Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтың төрағалығымен облыстық басқармалар мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшылары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылары мен АҚ «Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлер корпорациясы» өкілдері, екінші деңгейлі банктердің (Жусан банк, НұрБанк, Каспий банк, Халық банк) аудандық бөлімше басшылары мен «Ырыс» МКҰ ЖШС басқарма басшыларының қатысуымен өткен жиында облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «Ырыс» МКҰ ЖШС басқармасына заң талаптарына сай «Күлпаршын» базарының зардап шеккен кәсіпкерлеріне жеңілдетілген несие бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, несие беру жолдарын қарастыруды, сондай-ақ, «Ырыс» МҚҰ тарапынан берілетін жеңілдетілген несие лимитін толықтыру жұмыстарын жүргізуді қадап тапсырған болатын. Осыған байланысты өрттен зардап шеккен кәсіпкерлердің құжатын қабылдауға Жетісай қаласынан 6 сектор іске қосылған. Әр секторда әкімдік қызметкерлерімен қатар «Ырыс» МҚҰ мамандары тиісті құжаттарды қабылдап, жеңілдетілген несиеге өтініштер қабылдауда.
         Жылдық үстемесі 1 пайызды құрайтын несие көлемі 100 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейін. Екі түрлі жолмен беріледі – 2 млн теңгеге дейін кепілсіз және 2 млн-нан 5 млн-ға дейінгі кепілмен несие.
Кәсіпкерлердің қаражат алуларын барынша жеңілдету мақсатында ауданға ұйымның арнайы 7 маманы белгіленген секторларға бекітілген. Берілген өтініштердің қаралу мерзімі 7 жұмыс күні.
         Несие алуы үшін өтініш берушінің жеке куәлігі, салық органдарына қарызы жоқтығы жайлы анықтама мен өрттен материалдық зардап шеккен азаматтардың тізімінде болуы міндеттеледі.
          Айта кетейік, өрттен 600-ден астам саудагер зардап шегіп, мыңнан астам сауда нүктесі жапа шеккен болатын.
Бауыржан НАЙМАНОВ, 
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...