Home » PRESS RELEASE » «АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРДІ КЕҢЕЙТУ ТӘСІЛДЕРІН ІЗДЕУ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨҢІРЛІК ФОРУМ ӨТТІ

«АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРДІ КЕҢЕЙТУ ТӘСІЛДЕРІН ІЗДЕУ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨҢІРЛІК ФОРУМ ӨТТІ

          2022 жылдың 17 маусымында Қазақстанның солтүстік облыстарының «Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту тәсілдерін іздеу және іске асыру» тақырыбында өңірлік форум болып өтті.
           Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының бастамасымен, «Coca-cola» халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен ZOOM платформасында ұйымдастырылған аталған алқалы жиынға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Ұлттық экономика министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының басшылығы, халықаралық ұйымдар мен қоғам белсенділері, 200-ден аса ауыл әйелдері қатысты. Форум аясында ауылдық жерлерді тұрақты дамыту, ауылдағы әйелдердің ел экономикасындағы сүбелі үлесі, олардың дамуына жағдай жасау, экономикалық белсенділіктерін арттыру, ауылдық жерлердегі жұмыспен қамту мәселесін шешу, әйелдердің өз ісін бастауға жаңа мүмкіндіктер ашу сияқты маңызды тақырыптар көтерілді.
         Ауыл әйелдерінің форумы алғаш рет 2018 жылы ұйымдастырылған болатын. Осы айналдырған төрт жыл аралығында түрлі деңгейде өткен форум 7200 қатысушыны қамтып, ауыл әйелдерінің кәсіпкерлікке келуі, оны іске асыруы, қиындықты жеңіп, табысқа қолжеткізуі сынды 100 тақырыпта семинар-тренингтер ұйымдастырылып, оған 326  селолық аудандардан  400 спикер тартылған. Қазақстанның бүкіл өңірлерін қамтып отырған ауыл әйелдерінің форумы ортақ мақсат, ортақ мұңы бар үлкен тұрақты қауымдастыққа айналды, мемлекет тарапынан әйелдерге арналған жаңа қолдау тетіктерінің пайда болуына өз септігін тигізді.
         Ауылдағы нәзік жан иелерінің кәсібін қолдауда бұл форумның берері мол. Форум арқылы ауыл әйелдері мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан барлық қолдау тетіктерін орталық және жергілікті құзыретті органдардың өз аузынан естіп, өздерінің жеткен жетістіктері мен ауылдық жерде бизнесті дамытуға кедергі боп жүрген өзекті мәселелерді тікелей билік өкілдеріне жеткізу мүмкіндігін алды.
        Жалпы Ауыл әйелдері форумының өмірге келуіне мұрындық болған он жылдан бері елде сәтті жүзеге асырылып келе жатқан «Coca-cola белестері» әлеуметтік жобасы болатын. Бұл жоба аясында Жасыл экономиканы қолдау және «G-Global-ды дамыту Коалициясы» мен «Әлеуметтік динамика» қоры 2013-2021 аралығында 500-ден аса тренингтер өткізіп, 50 мыңнан аса ауыл әйелдерін оқытқан. Сонымен қоса, 97 кәсіпкер-әйел арнайы грантқа ие болып, олардың жүргізіп отырған кәсібінің арқасында жаңа 300 жұмыс орны ашылған. Форум барысында осы «Coca-cola белестері» байқауына қатысып, кәсіп ашуға грант алу алгоритмі тереңнен түсіндірілді.
      Форумда алғашқы болып сөз алған Қазақстанның ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің төрайымы, ҚР парламенті мәжілісінің IV, V, VI шақырылымдарының депутаты Майра Айсина ауыл әйелдерінің отандық кәсіпкерлікті дамытудағы рөліне тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру қажеттігін мәлімдеді.
         Форумға қатысушы өңірлер бойынша алғашқы болып сөз алған  Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары  Ғ. С. Нығыметов өңірдегі елді-мекендерде кәсібін ашуға ниетті нәзік жан иелері санының күн санап артып келе жатқандығын тілге тиек етті.  Бүгінде теріскейдегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 30,6 мыңнан асатын болса, оның 12,7  мыңын әйелдер қауымы басқарады. Яғни, кәсіпкерліктегі әйелдердің үлесі өңірде 42,0% құрайды.
        Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкер-әйелдер қауымы да мемлекеттік бағдарламаларға белсене қатысып, оның шарапатын көріп отыр. 2021 жылы субсидиялау бойынша кәсіпкер-ханымдардың 218 өтініші мақұлданып, оған 4 490 млн. теңге несие қарастырылған. Сондай-ақ, 79,1 млн. теңгеге 17 грант берілген.
      «Қарапайым заттар экономикасы» атты жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы да кәсіпкер әйелдер үшін көп мүмкіндікке жол ашты. 2019 жылдан бастап нәзік жан иелері басқаратын кәсіпорындардың 24 жобасына қаржылай қолдау көрсетілген.
       2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы ұлттық жобаны жүзеге асыруға 6,5 млрд. теңге бөлінген.
         Ақмола облысы да «Ауыл әйелдері арасындағы кәсіпкерлерді қолдау ісін күнтәртібінен түсірмей келеді. 3 жылдың ішінде 40 кәсіпкер-аруға жалпы құны 1,7 млрд. теңге көлеміндегі сомаға қаржылай қолдау көрсетілген. Айта кету керек, аталған 40 нәзік жанның 36 ауылда тұрады. Ауылдағы ақ жаулықты жандардың кәсіп ашып, өзіне де, елге де пайда келтіруі көпке үлгі. Нәзік жан иелері де  кәсіпкерлер қатарынан көріну тек мәртебе ғана емес, ел алдында жауапкершілігі зор  міндет деп пайымдайды.2015 жылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жанынан ашылған Іскер әйелдер кеңесі де бұл істі жетілдіруге ерекше үлес қосуда.  Аталған кеңестің мүшелері облысқа қарасты аудандарға шығып, елді-мекендегі әйелдер қауымымен кездесіп, оларды ел экономикасын арттыруға айрықша пайдасын тигізе алатын тұлға екендіктеріне сенім білдіруде.
         2022 жылдың наурызында «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» орталығы ашылған болатын. Бұл орталық әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға  жан-жақты қолдау көрсетеді. Ашылғаннан бергі үш айдың ішінде аталған орталықтың көмегіне 200 жуық нәзік жан иесі жүгінген.
        Қостанай облысында әйелдер қауымын жұмыспен қамту мәселесі айрықша назарда. Биылғы бес айдың ішінде 12556 адам жұмыс іздеп хабарласса, оның 41 пайызы әйелдер қауымы. Екі қолға бір күрек таппай жүрген нәзік жандылардың 50 пайызы ауылдық жерлердің тұрғыны. Бұл мәселені шешеу барысында 5 мыңға жуық әйел адамға тиісті көмек көрсетілген.
        Қоғам сұранысына сай, көпшілік тарапынан ерекше қолдау табатын ерекше бизнес-идея иелері де ерекше ілтипат пен қолдауға ие.
        Үстіміздегі жылы бұл бағытқа бөлінетін қайтарымсыз грант көлемі 200-ден, 400 айлық есептік көрсеткішке дейін артқан. Қостанай облысында кәсіпкер әйелдер аталған гранттарды мал шаруашылығы, құс өсіру ісінде пайдалануда. Шаштараз, тігін ісі сияқты шағын кәсіпкерлікті таңдағандар үшін де бұл грант айтарлықтай қолдау болып отыр.
       Айта кетейік,  2022 жылы ауылды жерде тұратын 15 000 әйел кәсіпкерлік бағытында оқудан өтетін болады. Облыстық форумдардың қорытындысы бойынша Ауыл әйелдерінің V Республикалық форумы биылғы қарашаға жоспарлануда.
Меруерт АБДАЛИЕВА.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...