Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖЕТІСАЙДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » Кәсіпкерлік » ЖЕТІСАЙДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

ЖЕТІСАЙДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

          Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің аудандарды дамыту мақсатында қолға алған ауқымды бағдарламаларын тиісті деңгейде жүзеге асыру мақсатында Жетісай ауданында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Күн санап ілгерілеген аудан экономикасымен қатар аудан аумағындағы автомобиль жолдары да талапқа сай жаңартылуда.
           Бүгінгі таңда Жетісай ауданының көлік жолдарының жалпы ұзындығы 365,3 шақырымды құраса, оның 43,6 шақырымы – республикалық, 210,4 шақырымы – облыстық, ал, 111,3 шақырымы – аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жатады. Одан бөлек 1200 көшеден тұратын жалпы ұзындығы 900 шақырымдық ішкі көшелері бар. Оның 661,1 шақырымы асфальтты, 227 шақырымы шағал тасты, 11 шақырымы топырақты жолдар.
           2021 жылы аудандағы жалпы ұзындығы 91,9 шақырымды құрайтын 122 ішкі көшенің орта жөндеу жұмыстарына облыстық және жергілікті бюджеттерден 1 млрд. 632 млн. теңге бөлініп, бүгінгі таңда 566 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 32,8 шақырымды құрайтын 38 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы аясында Асықата кенті және Қазыбек би, Өркенді, Достық, Баққоныс, Байқоныс, Алтын кемер елді мекендері бойынша жалпы ұзындығы 59,1 шақырымды құрайтын 84 көшеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жоспар аясында 18,1 шақырымды құрайтын 25 көшеде жұмыстар толығымен аяқталған.
          Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жүріп-тұруларына қолайлы жағдай жасау мақсатында аудан әкімі Мұрат Болатұлының тапсырмасы аясында 13,2 шақырымды құрайтын 24 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары аяқталса, жалпы ұзындығы 5,6 шақырымды құрайтын 6 көшеге аяқ жол салу жұмыстары жүргізілуде.
         «Жол – әрбір адамның күре тамыры. Аудан тұрғындары мен қонақтарын сапалы, қауіпсіз жолдармен, инфрақұрылымдармен қамтамамыз ету – біздің басты мақсатымыз. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте аса қажетті деген республикалық, облыстық, аудандық және ішкі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауданның барлық көшелері рет-ретімен алдағы уақытта жоспарға сай жүргізілетін болады» дейді Жетісай аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұркен Әлмеш. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен бөлінген 26,5 млн. теңгеге Асықата кентіндегі Әл-Фараби мен Қазыбек би, республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолының Ынтымақ елді мекеніне қарасты Көрікті және облыстық маңызы бар КХ-75 автомобиль жолының Абай ауылдық округінің Халықтар достығы елді мекені көшелерінің қиылыстарына  бағдаршамдар орнатылып, 11,2 шақырымды құрайтын көшелерінде қарама-қарсы бағытты айқындайтын жол сызбалары мен 27 жерге жаяу жүргінші өткелдері таңбаланған. Талапқа сай 13 жасанды жол кедергілері мен 62 жол белгілері орнатылған.
        Атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері орын алған жол-көлік оқиғалары өткен жылдың тиісті мерземімен салыстырғанда 52,2%-ға төмендеген.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...