Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
МАҚТААРАЛДЫҚ ДЕПУТАТ ЕРЕКШЕ ТӘСІЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » МАҚТААРАЛДЫҚ ДЕПУТАТ ЕРЕКШЕ ТӘСІЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР

МАҚТААРАЛДЫҚ ДЕПУТАТ ЕРЕКШЕ ТӘСІЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР

             Атакент кенті — ауданымыздағы ең үлкен кент, халқының саны жағынан бірінші орын алады. Тоғыз жолдың торабында орналасқан кентте кәсіпкерлік саласы өте жақсы дамып, әлеуметтік-экономикалық дамуы ешқашан тежелген емес.
          Халық тығыз орналасқандықтан, мұнда мәселелер жоқ емес. Көшелерді абаттандыру, көгалдандыру, тазалық мәселесі және коммуналдық салаларда да мәселелер баршылық. Сондықтан, тұрғындардың ынтымағын арттырып, осы мәселелерді бірлесе шешу өте маңызды іс.
          Атакент кентінен аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланған Қанат Мырзахметов жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін ерекше тәсілмен жұмыс істеп, өзінің сайлаушылары тұратын 46 көшенің әрбірінен көше жауаптыларын бектіп алды.
          «Негізінен кентімізге шын жаны ашитын, тұрғындарға сөзін өткізе алатын, халықты ұйымдастыра алатын нағыз жанашырларды көшеге жауапты болуға таңдап алғанымды айта кеткенім жөн. Бұл азаматтар арқылы мен әрбір сайлаушымның үнін еститін боламын. Әрбір тұрғынымыздың мәселелерінен хабардар болып, ұсыныстарын тыңдай аламын. Сонымен қатар, ұлтаралық, отбасылық және тұрмыстық кикілжіңдерді шешуде, халықты ұйыстыруға, ынтымақ-бірлігін арттыруға, қоғамдық мәселені халық болып шешуге көше жауаптылары үлкен ұйытқы бола алады» — деді, халық қалаулысы.
          Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын» деген сындарлы сөзді айтқан болатын. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде ең бірінші жұмысын өзіне сенімді өкілдер — көше жауаптыларын бекітуден бастаған депутат Атакентті болашақта гүлденген, таза, тұрғындары мәденитті, қайырымды кент ретінде көргісі келетінін атап өтті. Сондай-ақ, тұрғындарды тазалық мәдениетін сақтауға шақырды.
          Айта кетейік, халық қалаулысының тың бастамасы басқа да депутаттарға үлгі болатыны сөзссіз.
  Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ

        ...

МЫСЛИ ТЕРЗАЮТ НОЧАМИ…

ЕРІК ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ ОМАРҒАЛИЕВ. Абай ...

«АБАЙ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРЫНА ҮНДЕУ!

         ...

ТІЛДІ ДАМЫТУ, МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТТЫ НЫҒАЙТУ, АҚПАРАТ САЛАСЫН ӨРКЕНДЕТУ – ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

        ...

Не прошли мимо: как войсковой наряд помог потерявшемуся школьнику

        ...

Бейжай қалмады: әскери жасақ адасып қалған оқушыға көмек көрсетті

        ...

«АРАЙЛЫ КҮНІМ — АЗАТТЫҚ!» ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

     2025 жылдың ...

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...