Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЕРКІН ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ЕРКІН ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ

ЕРКІН ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ

       Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз. Көк байрағымыз желбірегеннен бері ата-баба дәстүрі көш түзеп, халқымыз еңсесін көтерді. Жарқын болашаққа қол созды. Бүгінде тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 30 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақытта жеткен жетістігіміз де аз емес.
        Қазақстан үшін тәуелсіздік – тосыннан келген сый емес, бостандыққа ұмтылған халқымыздың қайсар рухының жеңісі. Бұл жеңіс бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт екені анық.
       Ата-бабаларымыз киелі жеріміз бен болашақ ұрпақтың бостандығы үшін аянбай күресті. Батыста Бозжыра мен Шерқала, Жетісуда Хан Тәңірі мен Шарын, Көлсай мен Қайыңды, Арқада Бурабай мен Баянауыл сияқты көрікті жерлерімізді ұрпағына мирас етіп қалдырды. Сондықтан жер жәннатының алыста емес, өзімізде екенін түсінгеніміз жөн.
      Қазіргі  жастар салт-дәстүрін сақтаған, туымызды көкке көтеретін тұлға деңгейіне көтерілген. Олар елді дамыту жолында еңбек етуде. Арамызда мемлекеттік және өзге тілдерді жетік меңгеріп, заманауи тұлғаға айналған жастар да бар. Осындай жігерлі ұрпақ ел болашағын жарқын етері сөзсіз.
         Еліміздің тәуелсіздігі мен тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу және Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтап, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыра отырып, берілген мәтін арқылы білім алушылардың ұлттық құндылықтарын арттыру мақсатындағы – жалпыұлттық диктантты жазуға Д.А.Қонаев университетінің Талғар қаласындағы колледжі студенттері де белсене қатысты.
ЖУМАТАЕВА Г.М,
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...