Home » PRESS RELEASE » АУДАН ӘКІМІ МАҚТАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ МАҚТАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

       Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында және билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту мақсатында Жетісай ауданының әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы бекітілген кестеге сәйкес Мақталы ауылдық округі тұрғындарымен Дархан елді мекенінде №61 Ғ.Мұратбаев атындағы ЖОМ ғимаратында кездесу өткізді.
       Басқосуға аудан басшысымен қатар аудандық мәслихат депутаты Көбейбек Алиев пен дербес бөлім басшылары, тиісті сала мамандары мен мен округ тұрғындары қатысты.
         Ашық жүздесуде Мұрат Болатұлы 2021 жылы атқарылған жұмыстар мен жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстар мен жобаларға тоқтала кетті.
       Аудан тұрғындарын көгілдір отынмен толықтай қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, облыстық және жергілікті бюджеттен 10 ауылдық округтегі, 44 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау сметалық құжаттарын рәсімдеуге 127,3 млн теңге бөлініп жұмыстар жүргізілуде.
       Жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын Жаңаауыл, Достық ауылдық округтеріндегі елді мекендерге жеткізуші газ құбырын салу жұмыстарына 2021 жылы 150,0 млн теңге қаржы қаралып, құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2022 жылға өтпелі.
       Жалпы сметалық құны 3,8 млрд теңгені құрайтын Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» АГТС салу» және Ынтымақ ауылдық округінде «Киров» АГТС салу нысандарына 2021 жылы 300,0 млн. теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде, нысан 2022 жылға өтпелі. 2022 жылға қаралған қаржы 700,0 млн. теңге.
       Мақталы ауылдық округінің 11 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде.
       Мақталы ауылдық округі Мақталы елді мекенінің ауыз су жүйелерінің құрылысына 2021 жылға 101,7 млн теңге бөлініп игерілді. 2022 жылға республикалық бюджеттен 112,2 млн теңге бөлініп, қараша айында тапсыру жоспарланған.
        2022 жылы Мақталы елді мекеніндегі ішкі көшелерге «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 11,07 шақырымды құрайтын 13 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жалпы құны 188 млн 536 мың теңге.
          Ислам даму банкі қаржысы есебінен қалпына келтірелетін 210 тік дренаж ұңғымаларын қалпына келтіру жобасының ішінде Мақталы ауылдық округіндегі 47 тік дренаж ұңғымасы қалпына келтіріледі. Бүгінгі таңда «Қазсушар» РМК мамандарының мәліметі бойынша жаңадан ЖСҚ жасалынып, тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.
Кездесу соңында мәселесін жеке айтамын деген тұрғындарға аудан әкімі жеке қабылдау өткізді.
        Жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан көтерілген атаулы әлеуметтік көмек, қоғамдық жұмысқа орналасу, ағын су, ауыз су, жол жөндеу, істен шыққан тік дренаж ұңғымаларын жаңарту, жарықтандыру мәселелері бойынша жауапты сала мамандарына тиісті тапсырмалар берілді.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК

        ...

12 СӘУІР – ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

       Құрметті ...

ИНСУЛЬТ: АЛДЫН АЛУ МЕН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

        ...

ТІС ПАСТАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ ТІСТЕРДІ ҚАНДАЙ УАҚЫТТА ЖУУ КЕРЕК?

        ...

12 СӘУІР-ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ КҮНІ!

        ...

ҚҰНАНБАЙ ӨСКЕНБАЙҰЛЫНЫҢ 220 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ

        ...

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА  5000 ТҮП ГҮЛ ЕГІЛІП ЖАТЫР

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық ...

Көмекке 3 миллион АҚШ долларын бөлетін болды

        ...

ЕЛ ДАМУЫН ТЕЖЕУШІ ҚАТЕР

        ...

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» ағайындық көмек көрсетті

        ...