Home » Business » МАҚТАЛЫ ӨҢІРДЕ ОҢ НӘТИЖЕЛЕР ЖЕТЕРЛІК

МАҚТАЛЫ ӨҢІРДЕ ОҢ НӘТИЖЕЛЕР ЖЕТЕРЛІК

           «Теңіз тамшыдан құралады» дегендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық әлеуетінің артуына аймақтардың да елеулі қызметтер атқаратыны белгілі. Бүгінгі таңда Бақыт Насырханұлы Асанов (ауданды қайта құрылған кезінен бері басқарып келе жатыр) басшылық ететін Мақтаарал ауданының да республика экономикасының өркендеуіне қосып жатқан өзіндік үлесі бар деп мақтанышпен айта аламыз.
       
           2018 жылы Президентіміздің Жарлығымен қайта құрылған өңірімізді ел тұрғындары бұрындары негізінен мақтаны өсіріп-өндеуші аймақ ретінде таныса, бүгінде аудан диқандары ерте пісетін бау-бақша дақылдарын экспорттаушылар ретінде белгілі бола бастады. Қырыққабат пен қызылша дақылдары ерте пісетіндіктен, диқандарымыз оның соңынан қауын-қарбыз, мақта сияқты т.б. дақылдар егуге кіріседі. Осылайша жер емген шаруалар 1 жылда екі рет, тіпті үш рет өнім ала алады. Айта кетейік, өткен жылы мақтааралдық шаруалар 20 мың тонна көкөніс өндіріп, оның 80%-на жуығын ТМД елдеріне, Прибалтика республикалары, Түркия, Германия, Греция елдеріне экспортаған.
          Бұдан бөлек Мақтааралда кәсіпкерлік саласын дамытуға да ерекше мән беруде. 2022 жылы ауданда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» негізінде бизнес-идеяларын іске асырғысы келген 224 азамат қайтарымсыз грант иегері атанды. Олар – кондитерлік өнімдер, тігін өнеркәсібі, сүт өнімдері, жартылай дайын тағамдар, нан өнімдері, қазы бургер, сыйлық түрлерін жасау, ұялы телефон әсемдеу, омарта шаруашылығы, жүннен тоқылатын өнімдер, фотостудия, көлік жабдықтарын жасау, жылыжай шаруашылығы, қуырылған балмұздақ, жиһаз жасау, компьютерлік қызмет көрсету, бухгалтерлік қызмет көрсету, дәнекерлеу ісі, мал шаруашылығы салаларында өз кәсіптерін бастаған болатын. Солардың арасында – 29 жасқа дейінгі жастар, атаулы әлеуметтік көмекті алушылар, көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жұмысқа жарамды азаматтар, мүгедек бала тәрбиелеуіндегі отбасылар, асыраушысынан айырылған отбасылар да бар. Яғни грант иегерлерінің арасында қоғамның барлық топ мүшелері бар деп нақты айта аламыз.
         
            Енді ауданның статистикалық көрсеткіштеріне тоқталып кетсек:
           Өнеркәсіп. Мақтаарал ауданы кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 2023 жылдың қаңтар-сәуірінде  кәсіпорында қолданып жүрген бағамен 13930208 млн. теңгенің өнімін шығарып, өнімнің нақты көлем индексі бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  110,3 %-ды құрады.
          Ауыл шаруашылығы:  2023 жылдың қаңтар-сәуірінде  Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6155,6 млн. теңгені (қолданыстағы бағамен) құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,3 % болды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 595,1  млн. теңге, мал шаруашылығы бойынша 5552,1  млн. теңгені құрады.
         Сауда:  2023 жылдың қаңтар-сәуірінде  көтерме сауда 1662,8  млн. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңіне 105,3 %, бөлшек сауда тауар айналымы 1497,3 млн. болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  102,1  % болды.
       Еңбек рыногы: 2023 жылдың бірінші тоқсанында ірі, орта және шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс істейтін қызметкерлердің есепті саны 13,1 мың адамды құрады.
        Айлық көрсеткіші: 2023 жылғы  бірінші  тоқсанына  қызметкерлерге есептелген орташа  айлық атаулы жалақы 231564 теңгені құрап, бұл 2022 жылғы бірінші тоқсанына қарағанда 112,1 % құрады.
         Демографиялық процестер: 2023 жылдың 1 сәуірінде Мақтаарал ауданындағы халық саны 129 460 мың адам болды,  халықтың табиғи өсімі 677  адам болса, туу- 845 адамды құрады.
          Аудандық статистика басқармасынан алынған деректерден көрініп тұрғандай қазіргі таңда ауданда ауыз толтырып айтатындай оң өзгерістер баршылық.
        Қазірде түрлі ұлт өкілдерінің құт мекеніне айналған аудан орталығы Мырзакент кентінде 15 617 азамат тұрады. Оларға үлкенді-кішілі 100-ге жуық дүкен, 30-ға жуық кафелер мен асханалар қызмет көрсетуде.
         Мырзакент кентінің экономикалық жағдайға келетін болсақ, 2022 жылдың өзінде мұнда бірнеше кәсіпкерлік нысандары ашылған болатын. Атап айтатын болсақ, С.Қожанов көшесі бойынан 2 қабатты «Имран» сауда орталығы, оның жанынан тамақтану орны, «Азамат» кафесінің жанынан бірқатар кәсіпкерлік нысандары, Өркен көшесі бойынан «Жиделі – Байсын» тойханасы, кенттегі орталық стадионның алдынан бірқатар кәсіпкерлік нысандары және Мадиходжаев көшесі бойынан «Ершабай» кафесі ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.
           Биылғы жылы да кәсіпкерлікеке ден қойғандардың қатары жастармен толығары анық. Себебі, мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген шарттармен олар 7 миллион теңгеге дейін қаржы алып, өз кәсіптерін ашу мүмкіндіктеріне ие болып отыр. Соның арқасында бұл жастар тек өңіріміздің ғана емес, сонымен бірге республикамыздың да экономикалық қуатын арттыруға сеп болады. Ал олардың арасынан болашақ Билл Гейтстер мен Илон Маскілердің шықпасына кім кепіл?!
Қалмұрат ДӘУЛЕТБАЕВ,
Мақтаарал ауданы, Түркістан облысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...