Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫ

КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫ

           Әр жылда күлімдеген көктеммен бірге аса қауіпті жұқпалы аурулар тобына жататын Конго-Қырым геморрагиялық қызба ауруының эпидемиологиялық маусымы да келеді. Яғни осы кезде табиғатта кенелер саны тез көбейіп, олардың ішіндегі ауру тасымалдаушы кенелер адам денсаулығына қауіп туғызады.  
         Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы немесе көкала – табиғи ошақтық аса қауіпті жұқпалы вирусты инфекция. Бұл аурудың аса қауіптілігі өлім-жітім көрсеткішінің өте жоғары болуында — 30-70% аралығында.
        Көкала ауру бірінші рет 1944 жылы Қырымда тіркелген, 1945 жылы вирусы анықталған. 1956 жылы Конго мемлекетінде осыған ұқсас ауру тіркеліп, вирусын зерттей келе, Қырымда тіркелген аурудың вирусымен бірдей болып шыққан. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы дүниежүзінде Африка, Азия елдерінде, оның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкістан, Түркия және Ресей мен бірқатар Европа елдерінде кездеседі.
          Географиялық ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанның 4 аймағы осы аурудың табиғи ошағы болып табылады: Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы. ҚКГҚ ауруы бойынша эндемиялық аймақта жоқ дегенде бір науқас немесе вирус тасымалдаушы кене тіркелген кезде бүкіл елді мекен эндемиялық ошақ болып саналады.
         Табиғи ортада ҚКГҚ вирусы кенелердің және әртүрлі жабайы жануарлар мен үй жануарларының ағзасында болады. Аурудың негізгі тасымалдаушысы иксод кенелері. Кенелер күннің көзі жылысымен жылы қанды жан-жануарларға және адамдарға шабуыл жасайды. Сондықтан адамдар арасында Конго-Қырым геморрагиялық қызба ауруы кенелердің белсенділігі артқан кезде жиі кездеседі, яғни көктемде наурыз-маусым айлары мен күзде қыркүйек-қазан айларында. Ауру кене шаққанда немесе  қырқым кезінде кенелердің қаны арқылы, не болмаса ауру адамның қанымен жанасқанда жұғады.
        Аурудың белгілері: Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы немесе халық аузында айтылатын «көкала» ауруы аяқ астынан тез басталады.  Басталуы кез келген вирустық инфекцияда болатын белгілермен сипатталады – дене қызуының күрт көтерілуі, бас ауруы, тамаққа тәбетінің болмауы, буын мен белдің сырқырауы. Келесі күні лоқсуы, құсуы, іші өтуі, ине салған жерлері көгеруі, беті ісініп, қызаруы мүмкін. Ауру одан әрі дамыған жағдайда науқастың мұрнынан, қызыл иегінен, ішектен қан кете бастайды, тері бөртпелері және тері астына қан құйылу арқылы көкала дақтар пайда болады. Осының салдарынан науқастың жағдайы нашарлап, әлсірейді, жүректің соғуы жиілейді. Аурудың бірінші белгілері пайда болған жағдайда өлім-жітімді болдырмау үшін емдеуді мүмкіндігінше тез бастау керек. Қазіргі уақытта ҚКГҚ ауруын емдеу әдістері тиімді нәтиже беруде. Сондықтан егер Сізді кене шаққан болса, міндетті түрде тұрғылықты жер бойынша емдеу мекемесіне медициалық көмекке жүгініңіз. Медицина қызметкерлері 14 күн бойы медициналық бақылау жүргізеді.
        Кене шаққанда өзінің сілекейімен арнайы фермент бөледі, сол себепті көпшілік жағдайда кененің шаққаны білінбейді. Денеге жабысқан кенені байқаған кезде жақын орналасқан емхана немесе ауруханаға медкөмеккке жүгіну керек. Қорғалмаған қолмен кенені ұстау қауіпті екенін есте сақтаңыз! Кенені жалаң қолмен және бірден жұлып алуға болмайды, өйткені кененің тұмсығы қалып қойып, орны іріңдеп, жара болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша кенені қарапайым медициналық қысқышпен (пинцетпен) немесе резина қолғап киіп, немесе шүберекпен неғұрлым тұмсығына жақын жай қысып ұстап, шайқамай, бұрамай тарту керек. Шаққан орнын иод ерітіндісімен немесе спиртпен залалсыздандыру қажет. Кенені шыны ыдысқа салып, медициналық мекемеге өзімен бірге апару керек (қажетті жағдайда кене зерттеледі) немесе Ұлттық сараптама орталығының Түркістан облыстық филиалына тапсырып, ақылы түрде зерттеуге болады.
       Табиғи ошақтарындағы адамдарға кенелердің шабуылынан жеке қорғану үшін арнайы киім кию ұсынылады: қалпақты комбинезон, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу және резеңкелі манжетті жеңі бар көйлек кию қажет. Саяхатшылар және балалар табиғатқа демалысқа шыққан кезде кененің жабысқаны көрінетін ашық түсті жақсы қорғалған киім, аяқ киім, бас киіммен қамтылуы керек. Дененің ашық жеріне кенелерді қорқытатын репеленттер (спирттік зат, одеколон) және киімге кенелерді өлтіретін акарицидті құралдарды қолдану керек.
         Кене малдың үстінде болатындығын ескере отырып, малды алдын ала ерте көктемде кенеге қарсы егіп, мал қорада кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу қажет. Мал күтімімен айналысу барысында бөлек арнайы киім пайдаланып, мал қорадан шыққанда оны ауыстыру керек.
        Мақтаарал ауданы бойынша ерте көктемде және күзде кенеге қарсы дезинсекциялау жұмыстары жүргізілуде. Оған облыстық басқармадан тисті дәрілер бөлініп, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап бұл жұмыстар Мақтаарал ауданында басталды.
Р.ЖУСУПБАЕВ,
ТО АШБ «Ветеринарлық қызметі»
ШЖҚ МКК Мақтаарал ауданы филиалының Паразитолог маманы.  

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...