Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЕНДІ «ШЕТЕЛДІКТІҢ ТҰРУЫНА ЫҚТИЯРХАТЫ» ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТЫ ДА ҚОЛЖЕТІМДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЕНДІ «ШЕТЕЛДІКТІҢ ТҰРУЫНА ЫҚТИЯРХАТЫ» ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТЫ ДА ҚОЛЖЕТІМДІ

ЕНДІ «ШЕТЕЛДІКТІҢ ТҰРУЫНА ЫҚТИЯРХАТЫ» ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТЫ ДА ҚОЛЖЕТІМДІ

        EGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – «Шетелдіктің тұруына ықтиярхаты» қолжетімді.
       EGov Mobile мобильді қосымшасындағы«Шетелдіктің тұруына ықтиярхаты» цифрлық құжатын жеке басын куәләндыру үшін пайдалануға болады.
       Шетелдіктің тұруға ықтиярхаты –шетелдіктің ҚР-да тұрақты тұруға құқығын растайтын құжат. Оны ресімдеу үшін Қазақстан аумағында тұрақты тұруға рұқсат алу қажет.
       «eGov Mobile қосымшасының жетістіктерінің бірі – «Цифрлық құжаттар» бөлімі. Біз қазақстандықтар мен Қазақстанда тұруға құқығы бар шетелдіктерге ыңғайлы болу үшін барлық өмірлік қажетті құжаттарды цифрлық форматқа көшіруге ұмтыламыз. Енді «Шетелдіктің тұруына ықтиярхаты» цифрлық құжаты мобильді қосымшада қолжетімді. Шетелдіктер бұл электрондық құжатты талап ету орны бойынша барлық жерде қағаз құжатпен қатар пайдалана алады»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ» Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
      Жаңа цифрлық құжатты табу үшін eGov Mobile қосымшасында авторазицияда өтіп, басты беттегі «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі құжаттар тізімінен «Шетелдіктің тұруына ықтиярхатын» басу қажет.
      Цифрлық құжатта қате мәліметтер анықталған жағдайда «Қате туралы хабарлау» батырмасын басу арқылы тиісті мемлекеттік органға e-Otinish арқылы өтініш беруге болады.
       Цифрлық құжат  — түпнұсқа құжаттың аналогы. Қазіргі уақытта eGov mobile мобильді қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде 11,7 млн.астам азамат белсенді пайдаланатын 24 құжат (жеке куәлік, ҚР азаматының паспорты, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тесті және туу туралы куәлік және т. б.) бар. Барлық цифрлық құжаттарды талап ету орны бойынша ұсынуға болады, Заңмен электрондық құжаттың, яғни цифрлық құжаттардың, олардың аналогтарының баламалылығы бекітілген.
«ҰАТ» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...