Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУЫЛДЫҢ ДАМУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АУЫЛДЫҢ ДАМУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

АУЫЛДЫҢ ДАМУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

              Қазан айының алғашқы аптасында, Түркістан облысының Нысанбек ауылында «Ауыл» партиясының ІІІ тоқсанды қорытындылауға арналған кеңейтілген жиыны өтті. Оған, Мәжіліс депутаттары, партияның өңірлік филиал басшылары мен белсенді мүшелері қатысты.
        Жиынды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің және «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егісбаев ашып, партияның жыл соңына дейінгі негізгі басымдықтарын атап өтті.
          – «Ауыл – елдің діңгегі. Оның әлеуетін арттыру – мемлекеттің стратегиялық міндеті. Сондықтан, партия қызметінің басты мақсаты – нақты нәтижеге бағытталған іс-қимыл мен өңірлердің белсенді ынтымақтастығы болуы тиіс», – деді Серік Егісбаев.
      Жиында партияның ІІІ тоқсандағы қызметі сараланып, орталық пен өңірлік құрылымдардың ұйымдастыру, медиа және коммуникация, жастар саясаты, қоғамдық бастамаларды қолдау бағытындағы жұмыстары талқыланды.
      Семинарға «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Қ.Смағұлов қатысып қайтқан болатын. Онда, өңірлік филиалдардың белсенділігі мен жергілікті бастамалар талданып, ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, аграрлық секторды қолдау және тұрғындардың өмір сапасын арттыру жөнінде нақты ұсыныстар айтылды.
       Кездесу соңында, қатысушылар алдағы тоқсандағы жұмыс басымдықтарын айқындап, жаңа жобаларды жүзеге асырудың нақты тетіктерін белгіледі.
         Түркістан төрінде өткен бұл басқосу — ауылдық аймақтардың дамуын жеделдетуге, партия қызметін жаңғыртуға және өңірлер арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған маңызды қадам болмақ.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...

БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚ КІРІСІН АРТТЫРУ

        ...