Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЦЕХТА 120 АДАМ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ЦЕХТА 120 АДАМ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

ЦЕХТА 120 АДАМ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

          Алматы облысы,  Ұзынағаш ауылында Алатау тігін цехы 2022 жылдың қараша айынан жұмыс істеп келеді.
         Қазіргі таңда бұл цехта 120 адам жүмыс істеуде. Оның ішінде халықты жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша тігіншілік курсын оқыған он шақты адам бар.

         «Біз негізінде мемлекеттік сатып алулар сайтындағы конкурстарға қатысамыз. Бүгінде Қорғаныс министрлігінің тапсырмасын орындап жатырмыз. Әзірше, жеке адамдардан тапсырыс алып жатқан жоқпыз. Цех толықтай жеке кәсіпкердің қаржысына тұрғызылған. Ендігі жылы аяқ киім шығаратын өндіріс ошағын ашып, 300-400 адамды жұмыспен қамтуды ниет етіп отырмыз», — деді цех директорының орынбасары Анар Егізбаева. Сонымен қатар серіктестік өкілі мамандар тапшылығы бар екенін айтты.

            «Әр цехтың жанынан оқыту курсын ашқан жөн. Себебі, маман тапшылығы бар. Ал қызметшілердің әлеуметтік жағдайына келсек, барлығы ресми, заңды түрде жұмысқа орналасқан», — деді директор орынбасары.
          Ауданда жалпы құны 90 млрд. 400 млн. теңгені  құрайтын 4 инвестициялық  жобаны 2027 жылға дейін жүзеге асыру арқылы 3 800  жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған, осылайша өңірдегі  жұмысыздық деңгейін төмендету көзделіп отыр.
           Аида ҚОЖМАМБЕТОВА,
 Алматы облысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...