Home » Қоғам » «ЕРЛІККЕ – ТАҒЗЫМ» ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

«ЕРЛІККЕ – ТАҒЗЫМ» ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

          Мақтаарал ауданы, Азаттық елдімекеніндегі  «Даңқ аллеясында» Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арналған мерекелік шара өткізілді. «Қазақстан ардагерлер одағының» қоғамдық бірлестігінің Мақтаарал және Жетісай аудандарындағы мүшелері мен осы ұйымның құрамындағы «зағиптар және мүгедектер» ұйымына мүше азаматтар, Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген  бөлімнің қызметкерлері қатысты Мерекелік шараны Жетісай ауданы бойынша «Қазақстан ардагерлер одағының» төрағасы Жомарт Бақтыбаев жүргізіп отырды.         Мерекелік шараға жиналғандардың бір минуттық үнсіздіктен кейін  «Даңқ Аллеясындағы» мемориалға гүл шоқтары қойылды. Ұрыс даласынан елге оралмаған сарбаздардың аруағына бағышталып оқылған Құраннан кейін, Ж.Бақтыбаев сөз сөйлеп, жиналғандарды Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады.
         «1979-1989 жылдар аралығында КСРО-ның 620 мың азаматы Ауғанстан аума­ғында әскери қызметін өте­ді, олардың 525 мыңы Кеңес ар­­­­­миясының қатарында, 90 мы­ңы Мемлекеттік қауіпсіздік ко­митетінің (МҚК) шекаралық және т.б. бөлімшелерінде, 5 мы­ңы Ішкі әскерлер мен милиция­ қатарында өз міндеттерін атқар­ды. Сондай-ақ, 21 мың адам жұ­­мыс­шы және қызметші кәсі­бінде қызмет етті.
             Ауған соғысынан қайтып орал­­­­­маған жалпы адам шығыны 14453-ке жетті. Нақтылай айтсақ, Кеңес армиясы қатарынан 13833 адам, МҚК бөлімшелерінен 572 адам, КСРО ІІМ жасағынан 28 адам, басқа министрліктер мен ведомостволардан 28 адам опат болды.
           Біздің республикамыздан 22 мың адам Ауған соғысына қа­тысса, олардың 1000-ға жуығы соғыс­та құрбан болды және Қа­зақстан жерінде жерленді. Ал жал­пы адам шығынның 362-сі қа­зақ ұл­ты­ның өкілі екендігі анық­талды. Осы соғыста із-түзсіз жоғал­ғандар мен тұтқынға түс­кендер саны 417 адамды құ­­­раса, одан кейінгі жылдары 333, ал қазіргі таңда 264 адамды құрап отыр. Олардың 20-сы Қазақ­стан азаматы болып саналып, оның екеуінің дерегі 2013 жылы табылғанмен, қалғандарынан өкінішке орай әлі күнге дейін дерек жоқ»-дей отырып, сөзінің соңында Ж.Бақтыбаев өзі басқарып отырған қоғамдық бірлестіктің бүгінде атқарылып жатқан жұмыстарына қысқаша тоқталды.
          Одан кейін сөзге шыққан Есберген Нахипов, Қарланбай Рысбаев, Әкімбай Момынов, Тұрабай Ақназаров пен басқа да азаматтар мерекелік құттықтаулар айтып, өз естеліктерімен бөлісіп, ұрыс даласында ерлікпен көз жұмған сарбаздардың ерліктері мәңгі есте болатынын айтты. Содан кейін қоғамдық бірлестіктің  бір топ ардагер медалдармен және Алғыс хаттармен марапатталды.
          Салтанатты шара кезінде ауған соғысының ардагерлерімен олардың даңқты әскери өмірлері жайлы сұхбаттасудың сәті түсті.
         «1985 жылы Мақтаарал агротехникумын «Автокөлік жүргізуші» мамандығы бойынша аяқтаған соң мені Кеңес әскерінің қатарына алындым. Сол жылы 3 айлық дайындықтан кейін Ауғанстанға жіберілдім. №01221 әскери бөлімде жүргізуші болдым. Танк дивизиясының құрамындағы бұл бөлімдегі негізгі міндетім – ұрыс даласында немесе әскери госпиталда қайтыс болған сарбаздарды Кабулдағы әскери аэродромға тасымалдау болды. Сол жерде цинкті табыттарға салынған сарбаздардың денелері аптаның сейсенбі, жұма күндері екі транспорттық «Ан» ұшақтарымен Ташкентке  жөнелтілетін. Ол жақтан цинкті табыттар Одақтың түкпір-түкпіріне жіберілетін… Жүк көліктрімізде «Груз 200» деген жазу болса да, душмандардың шабуылына жиі ұшырайтынбыз. Сол уақыттарда бізге жаудың оғынан гөрі, бір үйдің баласындай болып араласып жүрген жауынгер достарымыздың денесін тасымалдау ауыр тиетін.
            1987 жылы әскери борышымды орындап елге оралғаннан кейін түрлі салада жұмыс істедім, бүгінге ПК «Шымкент дорстройда» жол шебері болып жұмыс істеймін. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласамын. 2013 жылы осы қоғамдық бірлестіктің басшылығында болсам, бүгінде орнымды інішектерге бердім»-деді осы қоғамдық ұйымның құрметті мүшесінің бірі Нахипов Есберген Тастанұлы.
            Ал, екінші сұхбаттасымыз – Ешниязов Насреддин Алмасұлы Ауғанстан аумағында тек 40-шы Армияның қолбасшысына тікелей бағынатын  7 «Дербес барлау батальонның» бірінде  қызмет етіпті.
       «Бірнеше ай бойы арнайы дайындықтан өткізген соң, бізді 1987 жылдың Газий-Кандагар ескі автомобил тас жолының бойындағы әскери бөлімге әкелді. Стратегиялық маңызға ие осы жерде мен «Дербес барлау батальонында» «БТР-70»- тың механик-жүргізушісі болдым. Міндетім барлаушыларды олардың әрекет ету аймағына апарып, тапсырма біткен соң базаға қайта әкелу болды. Былайша айтуға оңай көрінгенмен, шындығында әр сапарымыз қауіп-қатерге толы  болатын. Алдыңғы шепте жүргендіктен кез-келген сәтте ажал құшуымыз анық еді. Талай мәрте жау шабуылына ұшырадық. Бір шайқаста контузия алдым. Сол кезде жастық жалынмен оны елемегенмен салдарын кейіннен байқадым. 2008 жылдан 3 топ мүгедегімін.
          Біздің бөлімде қызмет еткен 27 адамның арасында 18 ұлттың өкілі бар еді. Әскери бауырмалдықтың арқасында ол кезде ұлт пен діни көзқарастарға мән бермей, өзара тығыз араласатынбыз. Барлығымыздың мақсатымыз елге аман оралу болатын. 1988 жылдың шілдесінде елге оралған соң да, олармен достық байланысты үзбеуге тырыстым. Қазірде де Грузияның Поти қаласында тұратын, батальонда «Железный» деп аталып кеткен, Виталий Железняковпен жиі байланысып тұрамын»-дейді Н.Ешниязов.
         Айта кетерлігі құрамында Ауған соғысына қатысқан интерноциалист жауынгерлермен қатар, Таулы Қарабақ пен тәжік-ауған шекарасындағы ұрыстарға да қатысқан жауынгерлер мен әскери жағдайдың салдарынан мүгедектікке ұшыраған азаматтар кіретін осы қоғамдық бірлестіктің қос аудандағы бөлімдері бүгінде кез-келген шараны бірлесе жүзеге асырып  келеді.
Қ.ҚУАНЫШБЕК, 
Мақтаарал ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...