Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 «АТА ЗАҢ» – ТҰҒЫРЛЫ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «АТА ЗАҢ» – ТҰҒЫРЛЫ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

«АТА ЗАҢ» – ТҰҒЫРЛЫ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

         2025 жыл – Тәуелсіз Қазақ Елі тарихындағы ерекше белестердің бірі. Биыл еліміздің басты құжаты – Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Бұл – барша қазақстандық үшін мерейлі меже ғана емес, мемлекетіміздің кемел келешегіне жол ашқан тарихи кезеңнің тағы бір айғағы.
        Конституция – кез келген мемлекеттің саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани даму бағытын айқындайтын басты Заң. Қазақ елінің бүгінгі тәуелсіздік жолындағы табыстары мен жетістіктері дәл осы Ата Заңмен тікелей байланысты. Өйткені ол – елдің ішкі тұрақтылығы мен демократиялық дамуының негізін қалады.
       1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция тәуелсіз мемлекетіміздің ең басты құндылықтарын бекітті. Онда Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны анық көрсетілді. Халықтың билік көзі екендігі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының ең қымбат қазына саналатыны жарияланды.
       Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары еліміз түрлі сынақтарды бастан кешті. Экономикалық дағдарыс, әлеуметтік түйткілдер, саяси тұрақсыздық қаупі болды. Осындай күрделі кезеңде халықтың ерік-жігерін танытқан, елдің болашақ бағыт-бағдарын айқындаған құжат – Конституция болды. Ол мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін енгізіп, елдің егемендігін нығайтты.
        Осы 30 жыл ішінде Конституциямыз уақыт талабына сай бірнеше рет жетілдіріліп, демократиялық дамудың жаңа қадамдары жасалды. Әсіресе, соңғы жылдары жүргізілген конституциялық реформалар биліктің халыққа жақындай түсуіне, азаматтардың құқықтық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашты.
        Бүгінгі таңда Қазақстан – халықаралық қауымдастық мойындаған тәуелсіз мемлекет. Экономикасы тұрақты дамып, мәдениеті мен ғылымы өркендеген, саяси тұрақтылық орнаған ел. Мұның барлығы – «Ата Заңымыздың» мызғымас негізіне сүйенген мемлекеттік саясаттың жемісі.
       Конституция – тек Заң баптарының жиынтығы емес, ол – халықтың жүрегінде орныққан әділеттілік пен теңдіктің, бейбітшілік пен бірліктің нышаны. Әлемде орын алып жатқан түрлі дағдарыстар мен саяси қақтығыстар кезеңінде біздің елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісім – Конституцияға деген құрметтің, оның талаптарының бұлжымай орындалуының айқын дәлелі.
        Биыл Конституция күні қарсаңында еліміздің барлық өңірінде түрлі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, мәдени-білім беру іс-шаралары өтуде. Бұл – тек Заңгерлер қауымы үшін ғана емес, барша қазақстандықтар үшін ортақ мереке. Өйткені әрбір азаматтың құқығы мен бостандығы «Ата Заң» арқылы қорғалады.
        30 жылдық мерейтой – өткенге көз жүгіртіп, келешекке бағдар жасауға мүмкіндік береді. Біз осы уақыт аралығында қандай жетістіктерге жеттік, қандай қиындықтарды еңсердік – барлығының негізінде Конституция тұр.
        «Ата Заң» – Қазақстан халқының тарихи таңдауы. Ол – тәуелсіздігіміздің кепілі, елдігіміздің тұғыры, демократиямыздың діңгегі. Конституцияға құрмет – Отанға, Тәуелсіздікке, Еркіндікке құрмет.
        30 жылдық мерейтойы атап өтіліп отырған «Ата Заңымыздың» қағидаттары болашақта да мемлекетіміздің дамуына бағыт-бағдар болып, халық бірлігін нығайтып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелей беретіні айқын да анық.
       «Ата Заңымыз» жасасын!  Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Мейрамгүл АТАЕВА,
Абай облысы, Бородулиха ауданының «Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» директоры.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1  

АБЫЛАЙ ФЕНОМЕНІ

«Алыстан орыс, қытай – ...

САЙЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАРИЯЛАУ АҚЫСЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: БАСТЫ ТАЛАПТАР МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕР

2026 жылғы 23 тамызда ...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

        ...