Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАСТАРДЫҢ ЖАСАҚТАРЫ»: АЛАКӨЛДЕГІ МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАСТАРДЫҢ ЖАСАҚТАРЫ»: АЛАКӨЛДЕГІ МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

«СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАСТАРДЫҢ ЖАСАҚТАРЫ»: АЛАКӨЛДЕГІ МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

        Абай облысында «Студенттер мен жастардың жасақтары» жобасы  жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында биылғы жазғы маусымда бірқатар студенттер Алакөл жағалауында еңбек етіп, алғашқы кәсіби тәжірибесін жинақтады.
         Жастардың еңбегі қызмет көрсету сапасын арттыруға, туристерге жайлы жағдай жасауға және тәжірибе алмасуға зор ықпал етті. Әсіресе, «Жоғары Бизнес және Сервис колледжі» студенттері жазғы маусымда демалыс орындарында және қоғамдық тамақтандыру орындарында жұмыс істеп, алған білімдерін тәжірибемен ұштастыра білді.
          Олар қонақтарға сапалы қызмет көрсетумен қатар, еңбек тәртібін сақтап, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Жобаның нәтижесінде студенттер кәсіби дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, еңбек нарығына бейімделуге мүмкіндік алды.
         «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының  ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқан «Студенттер мен жастардың жасақтары» жобасы – жастардың жазғы маусымда бос уақытын тиімді өткізіп қана қоймай, еңбек нарығында өз орнын табуына ықпал ететін маңызды бастама. Бұл жоба аясында биыл да студенттер мен жастар Алакөл жағалауындағы демалыс орындарында абыроймен еңбек етті.
        Жастардың жазғы еңбегі – олардың кәсіби тәжірибесін толықтырып қана қоймай, өмірлік дағдыларын дамытуға, жауапкершілігін арттыруға үлкен мүмкіндік берді. Әсіресе «Чикаго» секілді демалыс орындарында жұмыс істеген студенттер еңбек ету арқылы өз саласына қатысты тәжірибемен танысып, жаңа ортада өзін сынап көрді.
        Жобаға қатысқан студенттердің көпшілігі – болашақ аспаздар, сервис саласының мамандары. Олар күнделікті еңбек барысында қонақтарға сапалы қызмет көрсетіп, тәжірибелі мамандардан үйреніп, кәсіби біліктіліктерін шыңдады. Сонымен қатар, жастар бір-бірімен тіл табысып, ұйымшылдықты, өзара қолдауды үйренді.
         Алакөл жағасындағы бұл еңбек маусымы жастарға қосымша табыс табумен қатар, болашақ мамандығына деген сүйіспеншілігін арттырды. Көптеген студенттер алғаш рет мұндай өз таңдауларындағы салада жұмыс істеп, өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінді.
         «Ауыл» партиясы да аталған жобаны қолдап, жастардың еңбек тәжірибесін жинақтауына жан-жақты жағдай жасап келеді. Бұл – жас буынға қамқорлықтың, олардың болашағына инвестиция салудың нақты көрінісі.
         Жастардың ала жаздайғы еңбегі тек маусымдық қызмет қана емес, олардың кәсіби болашағына жол ашатын үлкен мектеп деуге толық негіз бар. Алакөлде жинақталған тәжірибе, оларға өмірлік бағдар болып, олардың өз мамандығына деген ынтасын арттырды.
         Бір айта кетерлігі, «Ауыл» партиясының қолдауымен жүзеге асқан бұл бастама жастарға қосымша табыс табуға, еңбек дағдысын қалыптастыруға және қоғамдық өмірге белсене араласуға жол ашты.
         Алакөлдегі маусымдық еңбек жас буын үшін тәжірибе мектебі болып, олардың кәсіби болашағына сенімді қадам жасауына негіз қалады.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиал баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...