Home » PRESS RELEASE » News » Қарағанды облысында «10 қаңтар – Қазақ әдебиеті күніне» орай #Аsul_soz челенджі бастау алды

Қарағанды облысында «10 қаңтар – Қазақ әдебиеті күніне» орай #Аsul_soz челенджі бастау алды

         Өткен жылы Қарағанды облысының Білім басқармасы мен Qazaq club-тың Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттау орталығы бірлесе отырып, 2019 жылы тұсауы кесілген Ұлт құндылықтарын сақтауға бағытталған Қазақ күнтізбесін облыстық Біртұтас тәрбие жоспарына енгізген болатын. Осы арқылы 2023 – 2024 оқу жылында ұлт құндылықтарын насихаттауды мақсат тұтқан күнтізбенің тағылымы мол атаулы күндері облыстың 417 мектебіне енгізілді.
         Қазақ күнтізбесіндегі «10 қаңтар – Қазақ әдебиеті күні» болып белгіленген. Бұл күні қазақтың дарынды жазушысы, «Көшпенділер» романының авторы, қазақ әдебиетінде бірнеше дәуірді қамтыған тұңғыш тарихи роман жазған жазушы Ілияс Есенберлин туған. Осыған байланысты Облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімі және Qazaq club 10 қаңтар күні #Аsul_soz челенджін өткізуді қолға алды. Бүгінде бұл челленджге қала, облыс мектептерінің оқушылары, қоғам белсенділері қатысуда.
       Жеткіншектер жұртшылықты 10 қаңтар – Қазақ әдебиеті күнімен құттықтап, өздері сүйіп оқитын ақын – жазушылардың шығармаларынан үзінділер мен өлеңдерді оқуда. Айта кету керек челленджге қатысқан әр жеткіншекке Qazaq club-тың Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттау орталығы атынан «Тәуелсіздік ленталары» сыйға тартылатын болады.
       Клуб өз жұмысын 2019 жылдан бастап қазақы құндылықтарға негізделген түрлі шаралар легіне ұйытқы болып жүр. Клуб құрамында республиканың түкпір – түкпірінен зиялы қауым өкілдері, ұлт мүддесіне бей-жай қарай алмайтын азаматтар шоғырланған. Клуб төрағасы – ғасыр ғұламасы, академик Темірғали Көкетай.
      Жыл    сайынғы #Аsul_soz челенджінің қорытындылары қазақ күнтізбесінің келесі бір айтулы күні 12 қаңтар – Д.Қонаев күні шығарылатын болады.
         Бүгінде Қазақ күнтізбесі Қарағанды облысының 417 мектебіне, 58 колледжге, 246 мәдениет клубына, мұражайларға, 257 кітапханаға, сондай-ақ спорт мектептеріне енгізілді.
         Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі қазақтың 2500 жылдық тарихы мен 18 ұлттық құндылығын, 8 тарихи оқиғаны, 3 дәстүрлі мерекені, 6 салтты, 25 тарихи тұлғаны насихаттайды.
Ерғанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ, 
ақын, «Qazaq club» мүшесі, жыл сайынғы Аsul_soz челенджінің координаторы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...