Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ: “UEFA ОЙЫНДАРЫН ӨТКІЗУ ҚАЖЕТ” - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ: “UEFA ОЙЫНДАРЫН ӨТКІЗУ ҚАЖЕТ”

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ: “UEFA ОЙЫНДАРЫН ӨТКІЗУ ҚАЖЕТ”

        Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов бастаған облыстық мәслихат депутаттары А.Салимов, С.Арыстанов, С.Көшенов, Б.Сүлейменов, Е.Хандиллаев, Б.Шойбеков және И.Намазбаева, Ж.Ағабеков «Тurkеstan-Arena» МКҚК-на арнайы барып жұмысымен танысты.
         Халық қалаулыларына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Жолдықараев, “Тurkеstan — Arena” стадион директоры Б. Нұрманов ғимаратта ішін аралатып, қызметкерлерінің жұмыстарын түсіндірді. Сонымен қатар, футбол алаңының қазіргі жағдайымен таныстырды.
         Мәслихат депутаттары мекемені аралау барысында, стадионды күтіп-баптау үшін барлық жағдай қарастырылғанын және қызметкерлер өз саласы бойынша жұмысын тиянақты атқарып жатқандығына көз жеткізді.
        Алайда, стадион 7000 көрерменге арналғандықтан мұнда халықаралық футбол ойындары және ұлттық құрама командалар футбол ойындарын өткізу үшін UEFA талабына сәйкес емес.
        Осы тұста 12 000 көрерменге арналған футбол алаңдары үшін халықаралық және ұлттық құрама командалары ойындарын ойнатуға рұқсат берілгенін ескерсек, «Turkestan-Arena» стадион ғимаратының оң және сол жақ беттерінің ашық тұрған қосымша ғимаратқа 5000 көрерменге арналған орындықтар қосу керектігі айтылды.
        Сонымен қатар, «Turkestan-Arena» МКҚК-ның ғимаратының спорт залдарында балалармен жасөспірімдерді спорттың бірнеше түрлерімен шұғылдандыру үшін «спорттық инструктор» штаттарын «жаттықтырушы» штатына ауыстыру мәселесі де сөз болды. Қазіргі таңда өзекті мәселе футбол алаңының дренаж жүйесін реттеу және алаңға жылыту жүйесін орнату қажет.
          Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы UEFA ойындарының талаптарына сәйкес, футбол алаңына жер асты жылыту жүйесін орнату мәселесін басты назарға алып, жауапты басқарма басшыларына тиісті тапсырмасын берген болатын. Бұл бастаманы облыстық мәслихаттың депутаттары да бір ауыздан қолдады. Себебі, өңірдің намысын қорғап жүрген футбол құрамасының әлемдік деңгейде өнер көрсетуіне мүмкіндік беретін бұл талаптарды орындау маңызды мәселе.
         Айта кетейік, «Тurkеstan-Аrena» орталық стадионында 2022 жылы спорттың бірнеше түрінен облыстық, қалалық іс-шаралар өтізіліп, «Тұран» және «Мақтаарал» футбол клубтары ел біріншілігінде футбол ойындарын өткізген. Стадион бокс, гимнастика, йога, ауыр атлетика, тренажер, фитнес залдарымен жабдықталған. Мұнда барлық спорт үйірмелерде балаларға тегін сабақтар ұйымдастырылған.
Түркістан облыстық мәслихаты.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...