Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
НАУҚАН ЖЫЛДАҒЫДАН ЕРТЕРЕК БАСТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » НАУҚАН ЖЫЛДАҒЫДАН ЕРТЕРЕК БАСТАЛДЫ

НАУҚАН ЖЫЛДАҒЫДАН ЕРТЕРЕК БАСТАЛДЫ

         Жылдағы науқан. Шеңгелді ауылының шаруагерлері өз өнімдерін жинап, қамбаларына салуда. Соған орай, биылғы жыл диқаншылар үшін ауа райы да көмегін беріп, қолайлы болып тұр. Науқан жылдағыдан осы жылы ертерек басталды.
         Кейбір шаруа қожалықтары егістігінің ерекшелігіне қарай,  жинын-терімді енді бастап жатса, енді бірі дақылдарын жинапта үлгеріп жатыр.  Қапшағай өңірінің ұзақ жылдан бері осы саламен айналысым жүрген шаруалары өнім көлемін арттырып, тұқым түрлерін ірілендіруге көбірек мән беріп келеді. Олардың ішінде «Етекбаев» шаруа қожалығы да бар. Қожалықтың бұл жолда жұмыс жасап жатқанына 20 жылға жуықтаған. Қарамағында тұрақты жергілікті ауылдың 8 адамы еңбек етеді.
         Шаруашылық иесі Нұрлан Етекбаевтың айтуынша, озық технологияның жоқ заманында, жұмысшы қатары көп болған. Кейін елімізде автоматтандырылған дәуір туғансын еңбек күші азайып, бәрі техниканың күшіне жүктелген. Қазір осы заманауи үрдіспен іс жүргізіп келеміз дейді. Бүгінде 140 гектар жердің 70 га-на дәнді жүгері, 27га-на қант қызылшасы, 15 га.-ға бас пияз, қалған 8 гектарына жеміс-жидектер себілген. Ағымдағы жылыда былтырғыдай пиязды гектарына 600 центнер (40 тонна) алуға үмітті. Сол секілді осы жылы дәнді-дақылдар түрін молайтып отырған жүгеріден де жақсы нәтиже болатынына сенімді.
         Тамшылатып суғару жүйесімен өнім алып жүрген қожалық мемлекет қолдауында сезініп жатқандарын жасырмады. Ол суға, жанар-жағармайға, жүгері, қызылшаға субсидия беріліп тұрады екен. Онымен қоса, терілген өнім Алматы облысынан бөлек, Қапшағайды санамағанда Алматының сауда нүктелеріне (Алтын Орда, Магнум, Метро, Агромарт) жөнелтіліп отырады. Сонымен бірге, ТМД мемлекеттеріне, одан қала берді еуропа елдеріне де экспортқа шығарылып тұратын көрінеді. Қазір барлық өнім түрлері сыйымдылығы 300 тонна болатын қоймаға жиналып, қысқы қам жасалуда. Қожалық техникалық бірліктенде кенде емес (8 техника), қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп, соған қарай жұмыста ойдағыдай жүргізіліп келеді.
       Тағы бір қуантарлығы «Етекбаев» шаруақожалығының басшысы Нұрлан Етекбаев қайырымдылық ісімен қоса шұғылданады. Бұл жағын айтпасаңызда болады деп қысылған азамат, қамқорлық жария қылмай жасайтын іс деп білемін деді.
         Жалпы, аймақта 13666 гектар егістік жері игерілген. Соның 4917 — дәнді дақыл, – 3941гектар жаздық арпа, 976 гектар дәндік жүгері, 3437 га майлы дақыл, 400 гектары картоп, 1831 гектары көкөніс, 250 гектары бақша дақылы, 600 гектары қант қызылшасы және 2231 гектары мал азығы.
       Қапшағай қаласы бойынша бақша дақылдарын жинау аяқталған. Оның өнімділігі 260 ц/га.-на құрады. 400 гектар картоптан 219 ц/га. өнім жиналса, ал көкөністердің 1200 гектары терілген. Күзгі егін жинау және дала жұмыстарын жүргізуге 150 тонна жанар-жағармай бөлініп, оның литрін 180 теңге арзандатылған бағамен алу қарастырылды.
Қапшағай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...