Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ДЕПУТАТ ШАРУАЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » ДЕПУТАТ ШАРУАЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ДЕПУТАТ ШАРУАЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

            Жетісай аудандық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының Жетісай аудандық  филиалы жанындағы Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі  Қоғамдық кеңес төрағасы Әлиев Көбейбек Әмірбекұлы сайлауалды  бағдарламасындағы жоспарлы жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында Мақталы ауылдық округінде тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан қашыртқылардың барысымен танысты.
            Бүгінгі таңда Мақталы ауылдық округі аумағында орналасқан КВ-9, КВ-7, КВ-7-1, КВ-5, КВ-3, КВ-6, КВ-6-4, КВ-6-2, КВ-8, КВ-6-6, КВ-9-4, КВ-9-1, АВ-11, АВ-11-2, АВ-11-2-1, АВ-11-2-3, КВ-9-2, АВ-7-2, АВ-2-4, АВ-11-4, АВ-7-2-1 қашыртқылары толықтай механикалық тазалаудан өтіп, 130-ға тарта қашыртқыда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Халық қалаулысы жергілікті шаруалармен, мердігер мекеме қызметкерлерімен жүздесіп, жұмыстардың барысын талқылады. Пікірлерін тыңдады.
           «Барлық қашыртқылардың жұмыстарының жоспардан кешіктірілмей белгіленген уақытта сапалы аяқталуын бақылауға алатын боламын. Өйткені, аудан аумағындағы әрбір канал, әрбір қашыртқы шаруалардың мол өнім алуында үлкен рөл атқарады» дейді Көбейбек Әмірбекұлы.
         Сала мамандарының мәліметінде Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы «Тұран су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тапсырысымен Жетісай ауданда биылғы жыл 150 ден астам қашыртқы тазалануы тиіс.
           Сонымен қатар, мәслихат депутаты «Тың» елді мекеніндегі жүзімдік алқабында да болды. Аудан экономикасында, соның ішінде агросекторда өзіндік үлес салмағы бар жүзім шаруашылығында шаруалармен жүздесіп, қажырлы еңбек, жүзімді баптау ісі, зиянкестермен күресу жолдары, мол өнім алудың қыр-сыры туралы кеңінен әңгіме жүргізілді.
           «Аудандағы жүзім шаруашылығына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе құба-құп болар еді. Қажетті агрохимикаттардың бағасы жоғары болса жүзім зиянкестерімен күресті де дер кезінде жүргізіп, мол өнімге қол жеткізетін боламыз» дейді шаруалар.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...