Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АХМЕТ АМАНАТЫ: БОРОДУЛИХАДА ТІЛ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АХМЕТ АМАНАТЫ: БОРОДУЛИХАДА ТІЛ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

АХМЕТ АМАНАТЫ: БОРОДУЛИХАДА ТІЛ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

       Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Абай облысы Бородулиха ауданының Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы: тіл, білім, ұлт» тақырыбында аудандық дөңгелек үстел өтті.
       Іс-шараға аудандық мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, білім беру ұйымдарының мұғалімдері, орталықтың оқытушылары мен тыңдаушылары, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары, Достық үйінің өкілдері, ардагер ұстаздар мен қоғам белсенділері қатысты.
       Дөңгелек үстел барысында тіл саясаты, мемлекеттік тілдің мәртебесі, тіл үйрету және көптілділік мәселелері талқыланып, қатысушылар өз ой-пікірлері мен тәжірибелерін ортаға салды.
        Іс-шараның мазмұны «Тіл – білім – ұлт» атты үш бағытқа құрылды. Ахмет Байтұрсынұлының тіл ғылымына қосқан үлесі, ағартушылық қызметі мен ұлттық сананы қалыптастырудағы орны туралы баяндамалар жасалды.
Сонымен қатар ересектерге тіл үйрету, ауылдағы тілдік ортаны дамыту және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселелері қозғалды.
       Басқосудың ерекшелігі – қатысушылардың белсенді пікір алмасуына бағытталған интерактивті форматында. «60 секундтық пікірлер», топтық жұмыс, «5 нақты қадам» тапсырмалары арқылы Бородулиха ауданында қазақ тілін қолдау мен дамытудың нақты жолдары талқыланды.
        Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының тіл мен білімді ұлт болашағының негізі ретінде қарастырған тағылымы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Дөңгелек үстел осы құндылықтарды насихаттап, мемлекеттік тілге деген құрмет пен қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді.
        Іс-шара соңында қатысушылар ортақ ойларын қорытындылап, тілді дамыту – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.
Атаева Мейрамгүл Балабайқызы,
«Абай облысы Бородулиха ауданының Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» басшысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...

БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚ КІРІСІН АРТТЫРУ

        ...

Сайлауға белсенді түрде қатысайық!

        ...

Ел болашағына бейжай қарамайық!

        ...