Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
«ҚЫС – 2024» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ҚЫС – 2024» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

«ҚЫС – 2024» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

         Зілзала, от, топан су – тілсіз жау. Олардан кез-келген уақытта сақ әрі барлық жағдайда дайын болуымыз керек. Тұрғындар мен мекемелердің, төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің дайындықтарын тексеру мақсатында Жетісай ауданында «Қыс – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Арнайы бекітілген нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырылған шараға аудандық төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Сартбаев, аудандағы барлық құрылымдар мен бөлімдердің қызметкерлері қатысты.
         Қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу және іс-әрекеттердің дайындығына толық көз жеткізу мақсатында ұйымдастырылған республикалық «Қыс – 2024» командалық штабтық оқу-жаттығу жұмыстарына аудандағы жауапты мекемелерден құралған 12 азаматтық құтқару қызметтік тобы қатысты. Іс-шарада әрбір қызметтік топ жетекшісі мен топ мүшелерінен қызметтік міндеттері сұралып, техникалық базалары тексерілді. Құрал-саймандары түгенделді. Өйткені, айтып келмейтін апаттық жағдайларға аудан барлық уақытта да дайын болуы керек дейді ұйымдастырушылар.
        «Шараны өткізудегі басты мақсат – айтып келмейтін табиғи-техногендік апаттарға қашан да дайын болу керектігін ескере отырып, аудандағы азаматтық құтқару топтарының дайындығын, қажетті техникалары мен құрал-саймандарының жарамдылығын пысықтау, тексеру болып табылады. Оқу-жаттығу барысында көз жеткізгеніміздей дайындық жақсы. Әрбір топ пен мүшелері өздеріне жүктелген міндеттері мен іс-қимылдарын жақсы біледі» дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Сартбаев.
        Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары бастаған топ оқу-жаттығу барысында апат орын алған жағдайда бірінші кезекте қажеттілігі туындайтын байланыс саласымен, азық-түлікпен қамтамасыз ететін және барлау-құтқару қызметтерін жүргізетін басты салалардың жұмыстарына ерекше көңіл бөлді.
         Осылайша аудандағы төтенше жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдай кезінде адам шығынын болдырмау және төтенше жағдайда ережеге сәйкес дер кезінде іс-қимыл атқаруды дұрыс ұйымдастыру мақсатында өткен республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу жұмыстары тағы да бір рет пысықталды. Өйткені, еліміздің зайырлы, декмократиялы ел болып қалыптасуында үлкен маңызға ие Конституциямызда ең алдымен адам және адам өмірі, оның бостандықтары мен құқықтары бірінші орынға қойылған. Адамның амандығынан қымбат нәрсе жоқ.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...