Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ДАРАЛАР САЛҒАН – САРА ЖОЛ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ДАРАЛАР САЛҒАН – САРА ЖОЛ

ДАРАЛАР САЛҒАН – САРА ЖОЛ

          Жуырда біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, оқушыларға болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында «Даралар салған — сара жол» атты кездесу өткіздім. Осы кездесу іс-шарасына мектебіміздің түлектері болған, аудан көлемінде танымал тұлғалар  – «Еңбек ардагері» медалінің иегері Тастемір Мырзамдамов, Шардара ауданының құрметті азаматы Даулетхан Жанаев, Қызылқұм ауыл әкімшілігінің бас маманы Молдаханов Рүстем ағаларымыз келіп, мектебіміздің 9, 10, 11 сынып оқушыларына тәлім-тәрбиемен қоса, кәсіби бағдар алуға кеңес беріп, өз мамандықтарының қыр — сырлары туралы жан-жақты әңгімелеп берді.
           Оқушыларымызға ағаларымыздың өмір жолы, шығармашылық өмірі, жетістіктері жайлы бейнеролик көрсетіліп, өнеге алатын өмірі мен еңбек жолы таныстырылды. Ағаларымызға сөз кезегін берілген соң, оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өздерін қызықтырған тақырыптар төңірегінде ақпараттар алды, өзара сұбаттар жүргізді. Сұхбат барысында адамдардың жеңіске жетіп, шыңға шығуы өзінің қолында. Тек дұрыс бағыт, бағдар алуы қажет. Осы отырған жас жеткіншектер келешекте жақсы маман иесі болу үшін біз аз да болса, өз үлесімізді қосқымыз келеді, — деді Тастемір ағамыз. Сондай-ақ, өмірде дұрыс мамандық таңдау үшін оның арғы жағында үлкен еңбек пен ізденіс керек екенінде тілге тиек етті. Сондықтан еңбектің орнын алмастыра алатын құндылық жоқ. Өзіміз өмір сүріп отырған еліміздің экономикасын, әлеуметтік жағдайын көтеру адамдардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі екенін білеміз балалар. Осылай тынымсыз еңбек ету арқылы қазіргі таңда кәсіпкерлікті дамыту керектігін баса айтып өтті. Әрине, ол үшін үздіксіз оқуымыз қажет деп ой түйіндеді.
           Өз кезегінде оқушыларымыз Дәулетхан ағамызғада сұрақтар қойды. Кез-келген саналы баланы «Мен өскенде кім боламын?», «Қандай мамандықты таңдасам екен?» немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны анық. Осы орайда, Даулетхан ағамыз оқушыларға өз ойын білдірді. Мамандықты таңдау үшін , адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тану қажет деді. Алдымен өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» — деген сұрақ қойып, соған жауап іздеуі қажет. Мынау көпсалалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес екенін білемін. Ең бастысы- ерінбей оқу керек, зейінді болу қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне , таңдауы дұрыс, сенімді адам ғана жетістікке жетеді. «Неге арналсаң, соны істе» деп, Абай атамыз айтқандай, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн деп кеңес берді. Сондай ақ Рүстем ағамызға оқушылар жергілікті басқару мамандығын таңдайтын болсақ, келешек жұмыс барысы қалай болатындығы жайлы сұрақ қойып, ой бөлісті.
         Әрине, басқарушылық мамандығы оңай емес, ол үшін жан жақты ізденіп, математика пәніне жүйрік болу керектігін айтып өтті. Сонымен қоса, жақсы маман болу өзі қалаған мамандығыңды таңдау мен соны меңгеруден басталады. Мамандық дегенде бұрынғы мен бүгінгіні салыстыруға келмейді. Бұрынғыдай жалпы жұртқа жаттанды санаулы мамандықтың да ғұмыры ұзақ емес. Тіпті, бір кездері табысты болған мамандық бүгінде ұмыт болған. Сондықтан мамандық таңдаудан жаңылмай, өмірдің бір кірпіші болып қалану әрбір жастың негізгі мақсаты болу керек деп өз сөзін аяқтады.
          Кездесудің барысында мектеп оқушылары концерттік бағдарлама ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ал мектеп директоры Н. Мендикулов қорытынды бөлімде кездесуге келген ағалармен жиналған қауымға ұжымның атынан ризашылығын білдіріп, жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, болашағына дұрыс бағыт сілтеу – қоғамға, ұстаздар мен ата аналарға ортақ міндет. Сол себепті де,  бүгінгі кештегі ақыл-кеңес балаларымызға үлкен ой салып, болашақта қалар мамандықтарын қателеспей табуына көп түрткі болды ғой деп ойлаймыз.
         Ең қиын мамандық  – адам боп қалу, мамандық таңдауда адаспай, адамдық биіктен аласармай, жақсы азамат болуларыңызға тілектеспіз!
Салтанат ТУЛЕГЕНОВА,
Я.Есенбеков атындағы №59 ЖББМ  кәсіби бағдар беру маманы.
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...