Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАҚТААРАЛДА "МЫРЗАКЕНТ" МОНШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » МАҚТААРАЛДА «МЫРЗАКЕНТ» МОНШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

МАҚТААРАЛДА «МЫРЗАКЕНТ» МОНШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Мырзакент кентінде «Назар» шаруа қожалығының төрайымы, кәсіпкер Ұлболсын Асқарованың жеке қаражаты есебінен салынған «Мырзакент» моншасы ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Қоғамдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысқан ауданның кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өсер Мырзамдамов әлемдегі қиын жағдайға қарамастан ауданда шағын және орта бизнес дамып келе жатқанын айтты.
«Жаһандық пандемияға қарамастан, Мақтаарал ауданында кәсіпкерлік нысандарының қатары күн сайын артуда. Міне, бүгін заманауи үлгіде салынған қоғамдық монша тұрғындарымыз үшін қызмет көрсетуді бастады. Бұл — ауданда шағын және орта бизнестің дамуының бір көрінісі» — деді Ө.Мырзамдамов.
16 соток жердің аумағында орналасқан жаңа моншаның аумағы 1245 шаршы метрді құрайды. Нысанда 8 кешенді кабина және ерлерге, әйелдерге жеке-жеке қарастырылған жалпы кабиналар бар. Кабиналарда еуро-люкс стандарттарына сай келетін киім сақтайтын қойма, бассейн, жуынатын және кептірілетін бөлмелер бар. Моншаның іші кең, таза әрі ыңғайлы.
Мырзакент моншасы бір уақытта 120 адамды қабылдай алады. Кешенде қоғамдық тамақтану орны орналасқан және мұнда түрлі елдің асханаларынан дәм татуға жағдайлар қарастырылған. Тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету үшін 15 адам жұмысқа қабылданыпты. Тұрғындар үшін қызмет көрсету бағасы да қолжетімді болмақ.
Айта кетейік, жаңадан ашылған «Мырзакент» моншасында карантин режиміне байланысты санитарлық талаптар қатаң түрде сақталатын болады. 
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...