Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
HALYK BANK ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУІНЕ ЖӘРДЕМ БЕРДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » HALYK BANK ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУІНЕ ЖӘРДЕМ БЕРДІ

HALYK BANK ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУІНЕ ЖӘРДЕМ БЕРДІ

Алматылық тұрғындар Halyk Bank пен Алматы әкімдігінің көмегі туралы айтып берді.
Пеш жағып, көмірмен үйді жылытып отырған алматылық тұрғындардың бір уайымы қып-қызыл ақшаға тонналап көмір түсіру. Көмір алуға қажет ақшадан бөлек, пеш жағу кезіндегі машақатты айтсаңызшы. Үйдің ішінде орнатылған пеш түтіндеп, қақаған аязда есік-терезені ашып желдететін кездер де жоқ емес. Ал түтіндеп жанған пеш адам өмірі үшін қауіпті екені айтпаса да түсінікті.
Осы жағдайды түзеу үшін Halyk Bank және Алматы қаласының әкімдігі бірегей әлеуметтік бағдарлама әзірледі. Жобаның мақсаты бірінші кезекте тұрғын үйді газдандыруға мұқтаж, алайда қаржылық мүмкіндігі жоқ халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтарды қолдау болса, екінші кезекте Алматы қаласы ауа бассейнінің жағдайын жақсарту. Осылайша Halyk Bank қайырымдылық көмек ретінде Алматыдағы 71 ошақты газбен қамтыса, енді тағы 21 үйге тегін газ қосу жұмыстары жүріп жатыр.
Қазіргі уақытта Алатау ауданының тұрғыны Жаңабай    Қыпшақбаев 1989 жылы көшіп келгелі бері пеш жағып отырмыз дейді.  Бұл отбасы жылына 8 тоннаға жуық көмір жағады екен:
«4 балам бар. Үйде сегіз адам тұрамыз. 2009 жылдан бері мүгедек болып қалдым. Көзім көрмейді. 1 топтағы мүгедекпін. Halyk Bank-ке алғысым шексіз. Барлық жұмысты тегін атқарды.  Қыс түскенде далаға шығып, көмірім жете ме, жетпей ме, не істесек болады деп ойланып жүр едім. Бұл бір тосынсый болды»,-дейді.
Алматыда газ жүйесіне қосылуға мұқтаж үйлердің көбі қаланың Алатау және Наурызбай ауданында орналасқан. Кезекті тегін газды қостыртып, жылы үйде отырған Кашиева Г.Б. ханым да осы Алатау ауданының тұрғыны.
«6 балам бар. Көпбалалы аналардың жағдайын ойлап, бізге осылай көмектесіп жатқаны үшін Халық банкіне рақметімді айтамын. Барлықтарыңыз бақытты болыңыздар. 1997 жылдан бері от жағамыз. Бұрын көмірді де, отынды да сатып алатынбыз. 6 баламыз бар, ал үйде бір адам ғана жұмыс істейді. Сондықтан газды орнатуға жағдайымыз жетпеді.  Халық банкі көмектесіп жатыр дегенді естіп, қуандық. Банкке деген күмәніміз болған жоқ. Өйткені, сенімді банк қой», – дейді көпбалалы ана Кашиева Г.Б.
Атаулы жоба 25 жылдан астам уақыт пеш жағып отырған Жұмабаевтар отбасын да қуантты. Өкінішке орай отағасы және бір ұлы бірінші топ мүгедегі екен. Қаржылай мүмкіндік болмаған соң тіпті үйге газ тартуды ойламадық та дейді:
«Біздің үйге жаңа жыл қарсаңында газ қосты. Жылдың басын осындай тамаша жаңалықпен бастадық. Қазір үй жып-жылы, қолымыз таза. Бұрын от жағамыз деп қолымыз күйе-күйе болып жүруші еді», – деп Жанар ханым өткен уақытты күлімсіреп еске алды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...