Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
БАЛАЛАР ТАҒАМЫН САТЫП АЛАРДА НЕГЕ НАЗАР АУДАРУ ҚАЖЕТ? - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » БАЛАЛАР ТАҒАМЫН САТЫП АЛАРДА НЕГЕ НАЗАР АУДАРУ ҚАЖЕТ?

БАЛАЛАР ТАҒАМЫН САТЫП АЛАРДА НЕГЕ НАЗАР АУДАРУ ҚАЖЕТ?

Көптеген бүгінгі жас аналар өз сәбилерінің өмірін балалар тағамынсыз елестете алмайды. Бұл сүт қоспасына да немесе шырындар мен езбелердің әртүрлі қоспалары мен сұрыптарына да және сол сияқтыларға қатысты. Балалар тағамына жатқызылған барлық тағамдар мемлекеттік тіркеуге және тиісті растауға жатады, яғни Сіз балаңызға тамақ аларда сатушыдан мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті сұрай аласыз, нақтырақ айтсақ сұрауға тиіссіз. Біз тіркеуден өткен барлық балалар тағамы көп жағдайда қауіпсіз болатындығын білдік. Неге көп жағдайда осылай болатынын түсіндірейік. Әрбір баланың ағзасы ерекше болып келеді және қамқор аналарға жарнамаға немесе таныстардың кеңесіне ғана сүйенуге болмайды. Өз баласының ерекшелігін  есепке ала отырып, өнімнің құрамын  және оның таңбалануын мұқият оқу қажет.
Балалардың сүт қоспасы. Қазіргі нарықта алуан түрі бар, сондықтан оларды таңдау кезінде нені және кім үшін  алып жатқаныңызды анық түсінген жөн. Егер сіздің балаңызда аллергия бар болса, сіз қоспаның оны туғызуы мүмкін компоненттен  тұрмайтындығын мұқият оқуыңыз қажет. Кей жағдайда балалардың лактозаға аллергиясы болатыны кездеседі. Сол үшін  өндірушілер таңбалануында көрсете отырып, құрамында ол жоқ қоспаларды жасады. Басқа  компоненттерге де назар аударған жөн.
Консервілер.  Балалар консервілерін де аса мұқият таңдау қажет. Консервіленген банкалар туралы айтар болсақ, олардың  қақпағы үрленіп кетпеу керек , кәсіби тілде –бұл бомбаж деп аталады. Мұндай құбылыс кезінде қатты улану болуы мүмкін. Бұған қоса банка  майысқан, зақымдалған болмауы қажет, себебі ішіне  микробтар  түсуі мүмкін. Әрине ешқандай пайдалы  тағам туралы  бұл жерде сөз болмайды. Мұндай  тағам тек зиянын ғана тигізеді.
Балаларға азық-түлік таңдаған кезде тауардың жарамдылық мерзіміне де аса көңіл бөлу қажет. Тағамның жарамдылық мерзімі қаншалықты аз болса, оның құрамында  консерванттар соншалықты аз болатындығы  туралы да айтып өткіміз келеді.
 Біз Сізге, өзіңізге және балаларыңызға абай болыңыз демекпіз! 
  Е.БОЛДАН
Мақтаарал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  басқармасының  бас маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...