Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАҚТААРАЛДА АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ҮШІН ЖАРЫС ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Денсаулық » МАҚТААРАЛДА АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ҮШІН ЖАРЫС ӨТТІ

МАҚТААРАЛДА АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ҮШІН ЖАРЫС ӨТТІ

Аудандағы бұқаралық спортты дамыту, тұрғындар арасында достық қарым-қатынасты нығайту  мақсатында аудан әкімінің бастамасымен аудандық мәдениет, тілдерді  дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен және аудандық  Жастар ресурстық орталығының қолдауымен  ұйымдастырылған жарыс өткен жылдың қаңтар айында бастау алған болатын.
Жуырда аудан орталығындағы Абылайхан жалпы орта мектебінің спорт залында санитарлық талаптарды сақтай отырып, волейболдан жарыстың соңғы тур ойындары өтіп, жеңімпаздар анықталды.
Жарыста  барлық турларды жеңіліссіз өткізген Мақтаарал ауылдық округінің командасы жеңімпаз атанса, ІІ-орын А.Қалыбеков ауылдық округінің командасына, ал ІІІ-орын Атакент кентінің командасына бұйырды.
Жарыста үздік үштіктен көрінген командалар мен үздік атанған спортшылар кубоктармен және бағалы заттай сыйлықтармен марапатталса, жарыстың жоғары дәрежеде өтуіне үлес қосқаны үшін төрешілер мен команда жетекшілері аудан әкімі  Бақыт Асановтың арнайы алғыс хаттарымен мараппатталды.
Бақдаулет САТТАРОВ,
Мақтаарал ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...