Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖОЛ КАРТАСЫ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 60 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ЖОЛ КАРТАСЫ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 60 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

ЖОЛ КАРТАСЫ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 60 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «жұмыспен қамтудың Жол картасын»  жүзеге асыруға ерекше көңіл бөліп отыр. 2020 жылы ағдарламаны іске асыру үшін 1051 жобаға 105 миллиард теңге бөлінді.
 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» тапсырмасы аясында үлкен жұмыс атқарылып, 60 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Карантин кезеңінде жұмысынан босап қалған азаматтардың дені жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылды.
Облыс әкімі Амандық Баталов: «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы арқасында арқасында тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейі артып, халықтың әл-ауқаты жақсарып, жұмыссыздық азайып келеді.«Бағдарламаның негізгі міндеттері: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтарына кіретін азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын орындау, кадрлық әлеуетті дамыту. Биыл біз бұл салаға үлкен көңіл бөлеміз. «Жұмыспен қамтудың Жол картасы»  аясында 18 миллиард теңгеге 216 ауылдың жолы жөнделді. Еңбеккерлер жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа алынып, ең азы 85 мың теңге жалақы алып отырды.»,- деп атап өтті.
Осы бағдарламамен жұмысқа орналасқан Фархат Мансапбековтың айтуынша, «ЖҚЖК»  олар үшін тамаша мүмкіндік болған. «Мені жұмысқа шақырған кезде қатты қуандым. Өйткені, қазір ақша өте қажет. Жалақы да жақсы, жағдай да жақсы, ең бастысы, біз өз ауылымызға пайдамызды тигіземіз», — деді ол.
Алматы облысында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020»  бағдарламасы бірнеше бағытта жүзеге асырылуда.  Бұл – күрделі жөндеу, әлеуметтік нысандарды қайта жаңарту, елді-мекендерді абаттандыру, ауылдық жерлерде дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер салу. Сонымен қатар, мектеп ғимараттарын күрделі жөндеуге және емдеу амбулаторияларын салуға бірінші кезекте көңіл бөлінуде.
 Яғни, бұл өңірдің әр аудан мен қаласында «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында кем дегенде 10 жоба іске асырылуда деген сөз.
Атап өту керек, аймақта бұл бағдарлама аясында жүздеген сәтті жоба жүзеге асырылып, мыңдаған жетісулық жұмысқа орналасты. Сондай-ақ,  өңірде әлеуметтік маңызды нысандар саны артып келеді. Жетісуда «ЖҚЖК-2021»жобасын да белсенді дамыту жоспарланып отыр. Биыл тағы жеті мектептің құрылысы басталса,  оның  алтауы үш ауысымды мектептердің орнына салынбақ.
Айман АСЫЛ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӘРБІР ДАУЫС ЕЛ ТАҒДЫРЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

        ...

ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРЕТІН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІКТЕРІН БЕРУ ТӘРТІБІ

        ...

Өскеменде танымал айтыскер сарбаздармен бірге әскери ант қабылдады

        ...

23 тамыз – азаматтық жауапкершілікті танытатын маңызды күн

       Әрбір ...

Әр дауыс – ел ертеңіне қосылған үлес

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ БАСТАМАЛАР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

        ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРХИВ ІСІНЕ – 100 ЖЫЛ. ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК – ҰЛТ ЖАДЫНА ҚЫЗМЕТ

     Архив… Бұл ...

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мақтаарал ауданында аудан әкімі ...

Лайықты таңдау – жарқын болашақтың бастауы!

        ...

Белсенді сайлаушы – берік қоғамның кепілі

        ...