Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Home » PRESS RELEASE » News » «АУЫЛ ОЙЫНДАРЫ – 2025»: АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҰЛТТЫҚ СПОРТТА БАҚ СЫНАДЫ

«АУЫЛ ОЙЫНДАРЫ – 2025»: АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҰЛТТЫҚ СПОРТТА БАҚ СЫНАДЫ

       Қарағанды қаласында «Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай кнзекті «Ауыл ойындары – 2025» спорттық жарыстары ұйымдастырылды.
         Аталған додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген, атап айтқанда: Абай, Жезқазған, Павлодар, Қарағанды облыстарынан жалынды жастар қатысып, ұлттық ойындар мен спорттық сайыс түрлерінен сынға түсті.
        Абай облысы атынан барған студенттік құрам – Алаш астанасы Семейдегі «Әлихан Бөкейхан университетінің» жастары болды. Оларға «Ауыл» партиясы Абай облысы өңірлік филиалының өкілі Омарғалиев Е.Қ. жетекшілік етіп, команданы бастап апарып, қатыстыруға атсалысты.
       Жарыс барысында, спортшыларымыз мынадай ойын түрлерінен бақ сынады:  1) Ләңгі,  2)Арқан тарту,  3)Тоғызқұмалақ,  4)Қазақша күрес,  5)Садақ ату,  6)Асық ату,  7)Футзал. Абай облысының жастары ұлттық ойындарда үздіктер қатарынан көрінді. Қазақ күресінен Зарлықбай Ақжол 3-орын, ал ләңгі жарысында Сәметханов Ислам 3-орын иеленіп, көпшілікті өз өнерімен тәнті етті.
         Бұл дода ауыл спорты мен ұлттық ойындарды дәріптеуге, жастарды салауатты өмір салтына баулуға үлкен үлес қосқаны анық. Сонымен қатар, ұлттық дәстүрді ұлықтап, ел бірлігін нығайтуға жол ашты деуге толық негіз бар.
        Жарыстың өтуіне «Ауыл» партиясы РҚБ демеушілік танытып, жастардың ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттыруға қолдау көрсетті. Мұндай белсенді бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім мол.
«Ауыл» партиясы Абай облысы өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Еңбекке жол ашқан мүмкіндік

        ...

Сапалы медицина – халыққа жақын қызмет

        ...

Білім инфрақұрылымы – ел болашағының негізі

        ...

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖЕКЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

        ...

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖИ МҮМКІНДІГІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

        ...

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...