Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 "АУЫЛ" ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖАСҚА ҚАРАМАЙДЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖАСҚА ҚАРАМАЙДЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖАСҚА ҚАРАМАЙДЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

         2025 жылы 26 қыркүйек күні «Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік филиалы «1 қазан – Халықаралық қарттар күніне» орай «Жасанды интеллект жасқа қарамайды» атты ерекше кездесу өткізді. Шараға ардагерлер мен жастар қатысып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып қана қоймай, заманауи цифрлық мүмкіндіктерді бірге игерді.
        Іс-шараның басты мақсаты – қарт адамдарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты жолдауындағы бастамаларды негізге ала отырып, жасанды интеллект жетістіктерін күнделікті өмірде қарапайым әрі қолжетімді қадамдар арқылы қолдануды үйрету. Бұл қадам қарттарымыздың жаңа заман трендтерінен қалыс қалмауын қамтамасыз етіп, қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталды.
         Кездесу шарасында, «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Қайрат Смағұлов жергілікті «БАЙУАҚОВ ТВК — 6» және «Қазақстан — Семей» телеарналарына сұхбат берді. Ол аталмыш шараның мақсаты мен маңызына тоқталып, IT технологиялардың ауыл мен қала арасындағы алшақтықты қысқартудағы рөліне және жасанды интеллекттің қоғамға беретін мүмкіндіктеріне тоқталды.
         Шара барысында, филиал өкілдері Жакупова А. — мен Ерсаинова Б. ардагерлерді заманауи цифрлық мүмкіндіктермен таныстырып, тәжірибелік кеңестер берді. Ал семинар-тренингті «Ауыл» партиясының мүшесі, жас дарынды ақын Нұрсұлтан Махмудов жүргізіп, жасанды интеллекттің — ChatGPT және өзге де ұялы телефон қосымшаларының қарапайым әрі тиімді қолданылу жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, интернет пен телефон алаяқтарынан сақтанудың нақты әдістері түсіндірілді.
         Жиын соңында, ардагерлерге «Ауыл» партиясы басшылығы атынан марапаттар табысталып, естелік сыйлықтар ұсынылды. Бұл кездесу қарттарға құрмет көрсетумен бірге, олардың цифрлық қоғамда белсенді әрі сенімді болуына ықпал етті.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ САЙЛАУЫН ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ

2026 жылғы 01 шілде. ...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Қымбатты отандастар! Қадірлі депутаттар ...

«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖАҢА ҚАДАМ

        ...

МАҚТААРАЛДАҒЫ ШЕКАРА ӨТКІЗУ БЕКЕТТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ АРТТЫ

        ...

БАҚЫТ АСАНОВ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

      Мақтаарал ...

2028 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫНА 760 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

      Жекеменшік ...

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...