Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталған, педагогтардың Мақтаарал аудандық тамыз  кеңесіне аудан басшылығы, ауданның білім беру саласының басшылары мен педагогтері, білім саласының ардагерлері, әдіскерлер, педагог-тренерлер және салаға қатысты мекеме өкілдері қатысты.
        Аудандық кеңесте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен білім беру жүйесінің өзекті мәселелері сөз болып, жаңа оқу жылында білім сапасын арттырудың басым бағыттары талқыланды. Аудан әкімі Бақыт Асанов, аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков және аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Асанхан Қошқаров білім беру саласының қазіргі ахуалы мен алдағы міндеттеріне тоқталып, педагогтердің еңбегін атап өтіп, белсенді еңбегімен көзге түскен бірқатар білім саласының қызметкерлері марапаттады.
        «Тамыз конференциясы – өткен оқу жылын қорытындылап, білім саласының бүгінгі бағытын саралап, алдағы міндеттерді айқындайтын маңызды кәсіби алаң. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енді. Бұл – еліміздің қоғамдық-құқықтық дамуындағы жаңа кезең. Конституцияда айқындалған құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіруде мектептің орны ерекше» — деді, Бақыт Насырханұлы.
       Жиында сөзге шыққан Түркістан облысы білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының әдіскері Шарипа Примбетова мен Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық біліктілікті арттыру орталығының педагог-тренері Нұржан Сапарханұлы педагогтердің кәсіби құзыретін арттыру, заманауи оқыту әдістерін тиімді пайдалану және білім сапасын жетілдіру бағытында тәжірибелік-әдістемелік ұсыныстарын ортаға салды.
       Осы кеңес барысында жас буынның шығармашылық қабілетін дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының директоры Магрипа Сарсенбаева мекеменің атқарып жатқан жұмыстары мен жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту бағытындағы бастамалары туралы сөз қозғады.
         Жиын барысында ауданның білім беру саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер ұстаз, бұрынғы №25 «Жаңа жол» мектебінің директоры Жақсылық Саттаров та өз ой-пікірін білдіріп, жас мамандарға тәжірибесін бөлісті.
       Кеңес аясында педагогтер өзара пікір алмасып, білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, жаңашыл, үздік және білім саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар ұстаздарды марапаттау рәсімі өтті.
       Ал, шараның мәдени бөлігінде оқушылар мен өнерпаздар өз өнерлерін паш етті. Абылайхан атындағы №2 жалпы білім беретін мектептің «Ай-ару» би ансамблі «Қазақ биін» орындап, оқушылар ұстаздарға арнайы құттықтауын жолдады. Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы Мырзабай Ерхат «Ұстазым» әнін орындаса, «Мақтаарал» мәдениет үйінің Каландаровтар дуэті «Қазақстан» әнін шырқап, жиынның мерекелік мазмұнын толықтырды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...

БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚ КІРІСІН АРТТЫРУ

        ...

Сайлауға белсенді түрде қатысайық!

        ...

Ел болашағына бейжай қарамайық!

        ...

КӘСІПКЕРЛІККЕ СЕРПІН – ӨҢІР ДАМУЫНА СЕРПІН

      Мақтаарал ...