Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
KOLSAY GRAND: КҮНГЕЙ АЛАТАУЫНДА ҚОНАҚ ҮЙ АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » KOLSAY GRAND: КҮНГЕЙ АЛАТАУЫНДА ҚОНАҚ ҮЙ АШЫЛДЫ

KOLSAY GRAND: КҮНГЕЙ АЛАТАУЫНДА ҚОНАҚ ҮЙ АШЫЛДЫ

           Отандық туристерден бөлек, шекара асып келушілердің сүйікті демалыс орны, табиғаттың інжуі-Көлсай көлі. Демалушылар саны жыл санап артып келе жатқан аталған аймақта ішкі туризм дамуда. Сәйкесінше, қонақ үй кәсібіде жандана түскен.
            Сатыдан Көлсайға апарар жолдың бойында орналасқан қонақ үйді құрылысы 2 жыл жүргізілген.  Екі қабатты нысанның іші заман талабына сай жасқаталған. Қонақ үйде 40 адамға лайықталған 20 жатын орын дайындалған. Сапасы тамаша, көрінісі көз тартарлық сәулет өнері, өткен адамды өзіне қызықтырмай қоймасы анық.
           Көлсай көлінен 5 минуттық жерде орын тепкен Kolsay Grand — эко қонақ үй. Аты айтып тұрғандай, ғимарат иелері мұнда табиғилықты алдыңғы орынға шығарған. Айтуларынша,  Қонақ үй мәзіріндегі тағамдар  тек өздері  қолдан жасайтын табиғи өнімдерден дайындалады екен. Өзгелерден ерекшелігіде осында. Ет, көкөністер, жемістер бәрі табиғи азық-түліктер қатарынан алынады.
            «Ең әуелі барлық жағдай келушілер үшін жасалады. Олар бізден жоғары сапалы қызмет алуына барымызды саламыз. Келушілердің көңілдері толса содан асқан бақыт жоқ. Өйткені командамыздың кәсібилігіне баға беретінде қонақтар»,-дейді Kolsay Grand қонақ үйінің директоры Әлішер Тайжанов.
             Ғимараттың қапталында «Глэмпинг» салынған. Глэмпинг – бұл табиғатта жоғары дәрежеде демалу. Көлсай көлінің маңында бой көтерген нысандағы глэмпингтің ерекшелігі мұнда таза ауада құрылатын шатырларды жұмсақ төсегі бар жайлы үй алмастырады. Сондай-ақ, шомылуға арналған өзеннің орнына арнайы жуынатын бөлмесі болады. Бұдан бөлек, бұқтырма тамақтарды, дәмі тіл үйіретін мейрамхана тағамдары алмастырады екен. Мұндай демалыс жабайы табиғаттың  құшағында болуды ұнататындарға арналған.
             «Дәл осы маңнан кәсіп ашу алғаш рет Көлсай көліне келген кезде ойға келді. Кейін істің қамына кірістік. Екі жылдың ішінде салып біттік.  Алдағы таңда аулада тұрған «Глэмпинг» санын ұлғайтқымыз келеді. Қанша айтқан мен эко қонақ үй бағытын ұстандық қой. Әлі талай жұмыс бар жасалатын»,-дейді Әлішер Әбенұлы.
             Айта кетейік, мұнда бір күнге тұрақтау 15 мың теңгеге шығады. Ең шекті баға 36 мыңға дейін барады. Аталған қаражатқа жатын орын мен үш уақыт тамақтануы кіреді.  Тянь-Шань тауының етегіндегі Көлсайдың сұлулығын көремін деуші туристер қауымы аялдайтын көркем мекен кереметті керек етпейді. Өз сұлулығы өн бойыңды баурап алады.
ЖЕТІСУ МЕДИА.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...