Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ПРОАКТИВТІ ФОРМАТТА АЗАМАТТАРДЫҢ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУДЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУДЫ ЖӘНЕ БОСАТУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ПРОАКТИВТІ ФОРМАТТА АЗАМАТТАРДЫҢ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУДЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУДЫ ЖӘНЕ БОСАТУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

ПРОАКТИВТІ ФОРМАТТА АЗАМАТТАРДЫҢ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУДЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУДЫ ЖӘНЕ БОСАТУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

         Енді мемлекет Қазақстан азаматтарына құжатсыз проактивті форматта әскери қызмет мәртебесі туралы мемлекеттік қызметті алуды ұсынады. Азаматтарды мерзімді әскери қызметтен босату және әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы мәліметтер ҚР әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңының талаптары шеңберінде ұсынылады.
        Әскерге шақырушыларға1414 нөмірінен шақыру мәртебесі туралы SMS хабарлама жіберіледі. Бұл хабарламаны мемлекеттік деректер қорында қамтылған ҚР әскери қызмет туралы Заңының талаптарына сәйкес келетін 18-27 жас аралығындағы жас жігіттер алады.
         Проактивті қызмет ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап іске қосылды. Қазіргі уақытта хабарландырулар екі мәртебе бойынша жіберіледі:
  • Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру;
  • Әскери қызметтен босату.
        Айта кету керек, хабарламаларды Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген азаматтар ғана алады.
       «ҚР ЦДИАӨМ, ҚР Қорғаныс министрлігі және «ҰАТ» АҚ бірлескен жұмысының арқасында әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және босату қызметі проактивті форматқа көшірілді. Қазір соның арқасында көптеген әскерге шақырылғандар өз мәртебесін алдын ала біледі. Проактивті қызметтерді пайдалану ыңғайлы, себебі мемлекет бізге қажетті қызметті ұсынып, қызмет берушінің тарапынан құжаттарды жинау қажеттілігін болдырмайды. Осылайша, 2023 жылдың 1 наурызынан бастап 320 мың азамат 1414 нөмірінен SMS хабарлама алды»,- деп атап өтті Ростислав Коняшкин.
        Аталмыш қызмет «Ұлттық ақпараттық технлологиялар» АҚ «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесін ҚР мемлекеттік органдарының деректер базаларымен, оның ішінде ҚР Қорғаныс министрлігінің деректер базасымен интегрецияланудың арқасында іске қосылды.
          «Digital Almaty 2023» жыл сайынғы V Халықаралық цифрлық форумында Оңтүстік Кореяның электронды үкіметінің операторы, үлкен деректер саласындағы халықаралық сарапшы National Information Society Agency (NIA) Президенті Хван Чон Сон «Smart Data Ukimet» жетістіктеріне тәнті болып, жоғары баға берді және жобаны әлемдегі ең үздік мемлекеттік деректер қызметтерінің бірі екенін атап өтті.
«ҰАТ» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz
         Анықтама: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...