Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
БАЛ АРА АСЫРАП, БИЗНЕС ЖАСАП ОТЫР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » БАЛ АРА АСЫРАП, БИЗНЕС ЖАСАП ОТЫР

БАЛ АРА АСЫРАП, БИЗНЕС ЖАСАП ОТЫР

        Балды бизнеске айналдырып, ерекше шаруашылықты өзіне кәсіп еткен Жетісай ауданы, Қазыбек би ауылдық округінің тұрғыны Алмахан Нұрболат бүгінде мемлекеттің қамқорлығын сезініп, табысын арттырып отырған кәсіпкерлердің бірі.
         Бала күнінен көзінен зақым алып, ІІІ топ мүгедектігімен зейнетке шыққан Нұрболат биыл кәсіпкерлерді қолдау бойынша мемлекет тарапынан берілетін 1 млн. 200 мын теңге қайтарымсыз грант қаржысын ұтып алып, өз кәсібін бастаған. Осыған дейін талай істің басын шалған омарташы енді ғана табыс көзін тапқандай.
         Ерекше күтімді қажет ететін осынау бір тіршілік иелерінің өзгертуге келмейтін ішкі ережелері мен қағидаларының барын айтқан омарташы аралар үшін тазалықтың сақталуының маңыздылығына да тоқталды.
         «Аралар үлкен отбасы болып тіршілік етеді. Омартада аналық, аталық, жұмысшы, күзетші аралар қалыптасқан белгілі заңдар мен ережелерге бағынады. Әрбір ара өзінің міндеттерін мүлтіксіз орындайды. Гүлдерден бал жинамаған араны күзетшілер омартаға кіргізбей қоятын қасиетке де ие. Аралар тазалықты сүйеді. Сондықтан, ара ұстасаңыз, омартаның мұнтаздай таза болуына аса мән беру керек. Үнемі ыждағаттап тазалап, мұқият қадағалағанда ғана сапалы бал жинап алуға болады» дейді Нұрболат Алмахан.
        Технологиялық үдеріс пен сұраныстың артуына байланысты қазіргі таңда ара балының формацевтика саласы мен халықтық ем-домда да жиі қолданылып, суық тию, жүрек, бауыр, өкпе, бүйрек, асқазан, ішек, жүйке ауруы, қан қысымының көтерілуінің де алдын алуға пайдаланылады.
         Бұл – атақты ойшыл Алберт Эйнштейннің «Егер жер бетінен ара жойылып кетсе, төрт жылдан кейін адамзат та болмайды» тұжырымын тағы да бір нақтылай түскендей.
Бауыржан НАЙМАНОВ, 
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...

САНДЫҚ МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ ОҚУ АНАЛИТИКАСЫ: МЕКТЕП БАСҚАРУДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТ

        ...

ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

       Қазіргі ...