Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МЫРЗАКЕНТТЕ СПОРТ САРАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » МЫРЗАКЕНТТЕ СПОРТ САРАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

МЫРЗАКЕНТТЕ СПОРТ САРАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

         Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде спорт сарайының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда құрылыс нысанының іргетасы қаланды. Спорт сарайы ел игілігіне берілгеннен соң аудан жастарының көптеген спорт түрлерімен кәсіби деңгейде айналысуына мүмкіндік туады.
         Нысанның конкурстық құны 881 миллион теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і жүргізуде. Ағымдағы жылы сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары келесі 2023 жылдың соңына дейін жалғасатын болады.
         Жалпы спорт сарайының жобасы бойынша нысан 2 қабаттан тұрады. Сондай-ақ, 2 үлкен спорт залы және жаттығу залы, сабақ өтуге арналған арнайы залдар бар. Бірінші қабаттағы спорт залында спорттың гандбол, баскетбол, волейбол түрлері дамытылатын болады. Ал, екінші спорт залында күрес, бокс, гимнастика, ауыр атлетика, жеңіл атлетикамен айналысуға барлық жағдай қарастырылады.
            Бұдан бөлек, әкімшілік қызметкерлеріне арналған кабинеттер мен бөлмелер, дәрігерлердің кабинеті, киім шешетін және жуынатын бөлмелер, спортпен шұғылданушылардың демалуына арналған үй-жайлар, санузелдер және ғимарат сыртында автотұрақ пен шағын футбол алаңшасын орналастыру жоспарланған.
         Аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен Мақтаарал ауданында жастардың спортпен шұғылдануына көптеген жағдайлар жасалуда. Бұған дейін құрылысы аяқталған Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионы және түрлі ауылдарда 10-нан астам кіші футбол алаңшалары ел игілігіне берілді.  
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1