Home » Әлемде » АҚШ үкіметі денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері мен қоғамның осы салаға сіңірген еңбегін мойындайды

АҚШ үкіметі денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері мен қоғамның осы салаға сіңірген еңбегін мойындайды

АЛМАТЫ,  30 қараша. Америка Құрама Штаттары Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінде Қазақстанмен бірлесіп АҚТҚ-мен өмір сүріп жүргендерге қолдау көрсетеді және ЖИТС-тен көз жұмғандарды еске алады. АҚШ биыл бұл күнді «АҚТҚ/ЖИТС эпидемиясын тоқтату: төзімділік пен биік нәтижеге ұмтылыс» деген ұранмен атап өтеді. Мұндай ұран АҚШ үкіметінің АҚТҚ/ЖИТС эпидемиясын жаһандық деңгейде тоқтатуға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы басқа да мәселелерді шешу үшін қоғам мен денсаулық сақтау жүйелерінің әлеуеті мен төзімділігін күшейтуге деген шынайы ықыласынкөрсетеді.

Биыл АҚШ үкіметінің АҚТҚ/ ЖИТС эпидемиясына қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстанмен өзара ынтымақтастығына 17 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде АҚШ Президентінің ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі Төтенше Жоспары (PEPFAR) АҚТҚ індетін бақылау және толықтай тоқтату мақсатында Қазақстанмен сенімді серіктестік орнатты. АҚШ-тың осы салада Қазақстанға жасаған инвестициялары денсаулық сақтау жүйесін күшейтіп, АҚТҚ-ның алдын-алу және емдеудегі қоғамдық ұйымдардың рөлін арттырды. Нәтижесінде, қазір денсаулық сақтау саласы АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдарға тиісті қызмет көрсете алады, ал түрлі қоғамдық мекемелер бұл жұмысқа өз үлестерін тигізуде.
«PEPFAR дайындаған әрбір денсаулық сақтау маманы, біз күшейткен әрбір зертхана және біз қолдау көрсеткен әрбір жергілікті мекеме тек АҚТҚ-мен ғана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау саласыныңбасқа да көптеген мәселелерімен де күресуге қабілеті зор», – дейді Патрик Надол, АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының Орталық Азия бойынша АҚТҚ/ЖИТС бағдарламасының директоры.
Бүгінгі күні Қазақстанда АҚТҚ-мен өмір сүретін адам (АҚТҚӨСА) саны 33000-ға жуық. Орталық Азияда АҚТҚ эпидемиясы коммерциялық секс саласының жұмыскерлері, ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер және инъекция арқылы есірткі енгізетін адамдарға басқа топтарға қарағанда көбірек зиянын тигізеді.
2020 жылдың қаңтар айының басында АҚТҚ жұқтырған ересектердің (яғни 15 жастан асқандардың) 83 пайызы өз диагноздарын білді; солардың 72 пайызы өмірді сақтайтын антиретровирустық терапияға жүгінген; ал сол терапияға жүгінгендерін 78 пайызының вирустық жүгі басылған, яғни олардан басқа адамдарға вирустың жұғу қаупі төмендеген. 2020 жылы Қазақстан үкіметі АҚТҚ-мен өмір сүретін 19 211 адамға антиретровирусты терапия қызметін көрсетті. 2018 жылмен салыстырғанда ем алатындардын саны 13573-тен 19211-ге дейін, яғни 42 пайызға өсті.
Сонымен қатар, биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының АҚТҚ/ЖИТС (ЮНЭЙДС) жөніндегі Біріккен Бағдарламасы аяқталып, оның орнына 2030 жылға дейін 95-95-95 көрсеткіштеріне жету мақсаты қойылды. Бұл дегеніміз, АҚТҚ-мен өмір сүретіндердің 95 пайызына диагноз қою, диагноз қойылған адамдардың 95 пайызын антиретровирустық терапиямен қамту және емделушілердің 95 пайызында вирустың басылуына қол жеткізу. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінде АҚШ  елшілігі осы мақсаттарға қол жеткізу жолында Қазақстанмен әрі қарай жұмыс істеуге дайын екендігін қайталап айтады.
АҚТҚ-ға кешенді түрде жауап беру арқылы жиналған тәжірибеге сүйенсек, денсаулыққа қауіп төндіретін кез-келген қауіп-қатерге қарсы бірігіп күресу, қоғамның рөлін кеңейту, стигма мен дискриминацияны жою және әлеуметтік осал топтарға қамқорлық көрсету қажет екенін көреміз. COVID-19 контексінде Қазақстан PEPFAR-мен серіктесе отырып, PEPFAR қолдайтын денсаулық сақтау жүйелері мен қоғамдық мекемелердің АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдарға көрсететін көмегін күшейте алды.
PEPFAR – АҚШ Үкіметінің АҚТҚ/ЖИТС пандемиясын бақылау жөніндегі жаһандық бастамасы. Бұл –  бір мемлекеттің бір аурумен күресуге бағытталған ең ауқымды міндеттемесі. Орталық Азияда PEPFAR АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдардың өз мәртебесі туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ өмірлік маңызы бар емнің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша бағдарламаларды іске асыратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға қаржылық және техникалық көмек көрсетеді. Қосымша ақпаратты www.pepfar.gov сайтынан және PEPFAR-дың Twitter, Facebook және Instagram желілеріндегі парақшаларынан таба аласыздар.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...