Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП ПЕН FRAMATOME ЯДРОЛЫҚ ОТЫН ЦИКЛІ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП ПЕН FRAMATOME ЯДРОЛЫҚ ОТЫН ЦИКЛІ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП ПЕН FRAMATOME ЯДРОЛЫҚ ОТЫН ЦИКЛІ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

          1 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эмманюэль Макрон елімізде ресми сапармен болды. Сапар барысында екі елдің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді, сондай-ақ күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік мәселелерді талқылады.
          Сапар аясында«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұданәрі — Қазатомөнеркәсіп) басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов пен Framatome сату және маркетинг жөніндегі вице-президенті Винсант Мерсье Қазатомөнеркәсіп және Framatome компаниялары арасындағы ядролық отын циклі саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойды.
          «Framatome ядролық отын циклі жобаларын дамыту саласында Қазатомөнеркәсіп үшін стратегиялық маңызды әріптестердіңбіріболып табылады. Бірлескенкооперация атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы елдеріміз арасындағы екі жақты қатынастарды дамыту үшін жаңа перспективалар ашуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», — деп атап өтті Қазатомөнеркәсіп басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
           Келісім ядролық отын циклі саласындағы бірлескен перспективалық жобаларды іске асыру үшін компаниялар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуді, сондай-ақ мамандарды оқыту мен даярлауды көздейді.
          «Framatome компаниясы бүгін әлемдегі ең ірі уран өндіруші – Қазатомөнеркәсіппен келісімге қол қойғанына қуанышты. Бұл біздің бұрыннан келе жатқан серіктестіктерімізді нығайтып, ядролық отын циклі саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді», — деді Framatome компаниясының сату және маркетинг жөніндегі вице-президенті Винсант Мерсье.
         Айта кетейік, тараптар Қазақстан Республикасының аумағында жылу бөлетін құрамалар шығаратын тұңғыш зауыт шеңберінде көп жылдық стратегиялық әріптестік пен өзара іс-қимыл тәжірибесіне ие және атом саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті.
Асқар АТАГУЛИН,
Ботагөз МОЛДАҒАЛИЕВА.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ

        ...

МЫСЛИ ТЕРЗАЮТ НОЧАМИ…

ЕРІК ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ ОМАРҒАЛИЕВ. Абай ...

«АБАЙ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРЫНА ҮНДЕУ!

         ...

ТІЛДІ ДАМЫТУ, МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТТЫ НЫҒАЙТУ, АҚПАРАТ САЛАСЫН ӨРКЕНДЕТУ – ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

        ...

Не прошли мимо: как войсковой наряд помог потерявшемуся школьнику

        ...

Бейжай қалмады: әскери жасақ адасып қалған оқушыға көмек көрсетті

        ...

«АРАЙЛЫ КҮНІМ — АЗАТТЫҚ!» ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

     2025 жылдың ...

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...